- Бағдарламадан бас тартылғанда немесе қалпына келтірілгенде «OFF» (Өшірілді) жазуы.
- Қате пайда болғанда «Err» (Қате) жазуы
- Қосымша қатты қоспалар (мысалы жемістер немесе жаңғақтар) қосылуы мүмкін болғанда
«Add» (Қосу) жазуы
Таймер түймелері
Нанның кейінірек пісірілуі қажет болғанда таймер уақытын арттыру немесе азайту түймесін
пайдалануға болады. Ең көбі 15 сағатқа орнатуға болады.
Мысалы, таңертеңгі сағат 08:00-де ыстық нанның дәмін тату үшін, таймерді кешкі сағат 17:00-
де 15 сағатқа орнатыңыз.
Бастау/Тоқтату/Болдырмау түймесі
- Бағдарламаны бастау немесе таймерді қосу үшін, осы түймені басыңыз.
- Дисплейде «OFF» (Өшірілді) хабары көрсетіліп, 1 ұзақ сигнал естілгенше осы түймені 2
секунд басып тұрыңыз. Ағымдағы бағдарламадан бас тартылып, құрылғы әдепкі параметрге
(мысалы 1-бағдарлама — Кәдімгі ақ нан, 1000 гр, орташа қызартылған) қайтады. Бұл жағдай
да құрылғы өшпейді.
Бағдарламалар
Бағдарлама таңдағышы көмегімен 14 түрлі мәзір таңдауға болады. Дисплейде таңдалған
мәзірдің нөмірі және осы мәзірдің оңтайлы жұмыс уақыты көрсетіледі.
Қызарту түрі
Қызарту түрінің таңдағышы арқылы қызарту түрін (біраз қызартылған, орташа қызартылған
немесе қатты қызартылған) таңдауға болады. Таңдалған қызарту түрі дисплейде көрсетіледі.
нан салмағы
Салмақ таңдағышының көмегімен, үш түрлі салмақтың (750 гр, 1000 гр немесе 1250 гр) біреуін
таңдауға болады. Бөлкенің салмағы дисплейде көрсетіледі.
Қосу/өшіру шамы
Нан пісіргіш жұмыс істеп тұрғанда, қосу/өшіру шамы жанып тұрады.
Құрылғыны қолдану
Құрылғы мен қоспаларды дайындау
1
Құралды тегіс, тұрақты және көлбеу жерге қойыңыз.
2
Нан табасының тұтқасын ұстап, босату үшін оны солға немесе оңға қарай тартыңыз.
Одан кейін нан табасын құрылғыдан шығарыңыз. (Cурет 2)
Ескертпе: Нан табасына қоспа салғанда құрылғының ішіне төгіліп кетпеуі үшін, табаны
құрылғыдан алдымен шығару қажет.
3
Илеу қалақтарының саңылаулары және нан табасының ішіндегі айналмалы оқпандардың
таза екенін тексеріңіз.
Ескертпе: Бұл бөлшектер таза болмаса, илеу қалақтары дұрыс орнатылмауы мүмкін.
4
Илеу қалақтарының саңылауларын тегіс жағын нан табасының ішіндегі оқпандардың
тегіс жағына келтіріңіз. Содан кейін илеу қалақтарын қатты басып, оқпандарға
бекітіңіз (Cурет 3).
Ескертпе: Илеу қалақтары орнына дұрыс орнатылуы тиіс. Әйтпесе, қолдану кезінде орнынан
шығып кетуі мүмкін. Бұл араластыру немесе илеу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Ескертпе: Илеу қалақтары оқпандарға дұрыс орнатылған кезде, оқпандарда көлбеу бос орын
қалады. Бұл қалыпты жағдай.
ҚазаҚша
64