PHILIPS HD9040/90 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 65


Инструкция PHILIPS HD9040/90 для устройства хлебопечь содержит страницы на языке.

Размер файла: 2.34 MB. Состоит из 160 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

 5 

 Жасалатын рецепттердің қоспаларын өлшеңіз (Пісіру туралы қосымша ақпарат 

кітапшасының «Нан пісірудің стандартты рецепттері» тармағын қараңыз).

Ескертпе: Қоспаларды мұқият өлшеу қажет. Пісіру туралы қосымша ақпарат кітапшасының 

«Қоспалар» тарауындағы «Қоспаларды өлшеу» бөлімін қараңыз.

 6 

 Нан табасына қоспаларды рецепттегі тізімге сай салу қажет. 

 - Ашытқыны ең соңынан қосу керек. Үйілген ұнның ортасына тесік жасап, ашытқыны соған 

құйыңыз. 

Ашытқыны басқа сұйық қоспалармен араластыруға болмайды. Нан, әсіресе таймер 

қолданылғанда, көтерілмеуі мүмкін.

 - Нан пісіріліп жатқанда қоспа қосу керек болса, құрылғы үш рет қысқа және созыңқы дыбыс 

береді де, дисплейде «ADD» (Қосу) хабары көрінеді. Егер қоспа қосылмаса, құрылғы 

пісіруді жалғастырады.

 7 

 Нан табасын құрылғы ішіне орнатыңыз. Құрылғыға бекітілгенше нан табасын қаттылап 

итеріңіз (Cурет 4).

Егер нан табасы дұрыстап орнатылмаса, илеу қалақтары іске қосылмайды.

 8 

 Нан табасының тұтқасын төмен қарай бүктеп, құрылғының қақпағын жабыңыз.

Ескертпе: Қақпақ ауыр, сондықтан оны ақырын жабыңыз.

 9 

 Ашаны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

 

,

Құрылғы сигнал беріп, дисплейде «Кәдімгі ақ нан» бағдарламасын білдіретін «1» саны 

көрсетіледі.

Параметрлерді таңдау

 1 

 Жасалатын рецептке сай бағдарлама нөмірі дисплейде көрсетілгенше, бағдарлама 

таңдағышын басып тұрыңыз (Cурет 5).

 

,

Бағдарлама таңдағышын басқан сайын дисплейдегі сан 1 мәнге артады.

 

,

Дисплей таңдалған бағдарлама саны мен өңдеу уақытын кезек-кезек көрсетеді.

Ескертпе: Байқаусызда қате түйме басылып кетсе, құрылғы бір рет сигнал береді. Мысалы, 

«Қамыр илеу» бағдарламасы кезінде «Салмақ» түймесі басылғанда.

 2 

 Нанның қажетті салмағын таңдау үшін, салмақ таңдағышы түймесін бір немесе бірнеше 

рет басыңыз (Cурет 6).

Ескертпе: 1-7 бағдарламаларында салмақ таңдауға болады. 1-6 бағдарламаларында үш 

салмақтың біреуін (750 гр, 1000 гр және 1250 гр), 7-бағдарламада екі салмақтың біреуін 

таңдауға болады (1000 гр and 1250 гр). 1-8 бағдарламалары үшін алдын ала орнатылған салмақ 

— 1000 гр.

Нанның тым үлкен болмауы немесе күймеуі үшін, таңдалған салмақтың рецепт бойынша 

қоспалар мөлшеріне сай екенін тексеру керек. Пісіру туралы қосымша ақпарат 

кітапшасының «Нан пісірудің стандартты бағдарламалары және рецепттері» тарауын 

қараңыз. 

Мысалы, ақ нан үшін алдын ала орнатылған салмақ болып есептелетін 1000 гр салмақты 

таңдағанда 600 гр немесе 4 шыны аяқ ақ ұнды пайдалану қажет.

 

,

Дисплейдің сол жағындағы нүкте таңдалған салмақты көрсетеді. Сонымен қатар, 

дисплей таңдалған бағдарлама нөмірін көрсетеді (Cурет 7).

 3 

 Қажет болса, қызарту түрінің таңдағышын бір немесе бірнеше рет басып, қажетті 

қызарту түрін таңдауға болады (Cурет 8).

1-8 бағдарламалары үшін алдын ала орнатылған қызарту түрі — орташа қызартылған.

ҚазаҚша

65


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru