- Құрылғыны қолданып болғаннан соң, оны міндетті түрде тазалаңыз.
- Құрылғыны ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Құрылғыны далада қолдануға болмайды.
- Ыстықтан зақымдануға жол бермеу үшін, құрылғының үстінен, артынан және екі жағынан 10
см бос орын қалдыру қажет.
- Құрылғыны зақымдамау үшін, нан табасын немесе басқа заттарды құрылғының үстіне қоюға
болмайды.
- Берілген ұзыннан кесу құрылғысымен жұмыс жасағанда абайлау қажет. Оның алмасы өте
өткір.
- Қолданып болған соң кесу құрылғысының қабын қайтадан кигізіп, оны қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай
келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.
Электр қуаты ажыратылғанда қалпына келтіру
Электр қуаты ажыратылып, 7 минут ішінде қайта қосылса, құрылғы электр қуаты ажыратылғанға
дейінгі күйді есте сақтайды. Егер электр қуаты нан пісіріліп жатқанда ажыратылса, электр қуаты
қайта қосылғанда құрылғы тоқтаған жерінен пісіруді жалғастырады. Егер нан пісіріп жатқанда
электр қуаты 7 минут ішінде қайта қосылмаса, онда электр қуаты қосылған уақытта нан пісіргіш
автоматты түрде алдын ала орнатылған параметрге қайтады. Нан пісіргішті ашып, ішіндегісін
алып, барлығын қайтадан бастау керек. Таймер орнатылып, электр қуаты ажыратылғанда алдын
ала таңдалған пісіру үрдісі басталмаған болса, электр қуаты қосылғанда нан пісіргіш автоматты
түрде алдын ала орнатылған параметрге қайтады. Нан пісіргішті ашып, ішіндегісін алып,
барлығын қайтадан бастау керек.
алғашқы рет қолданар алдында
1
Құрылғыдан барлық орауыш заттарды алып тастаңыз. Илеу қалақтарын лақтырып
жібермеңіз.
2
Құрылғыдағы жапсырмаларды алып тастаңыз.
3
Құрылғыны шаңнан тазарту үшін, құрылғы сыртын, нан табасын және илеу қалақтарын
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанармай немесе ацетон тәріздес
сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
4
Пайдаланбас бұрын бөлшектердің барлығын кептіру қажет.
Бақылау панелі
Дисплей
Дисплейде төмендегілер көрсетіледі:
- Бағдарлама нөмірлері (1-14)
- Бағдарлама нөмірі таңдалып болғаннан кейінгі бағдарлама белгішесі
- Таймер орнатылғаннан кейінгі таймер белгішесі
- Бағдарлама қосылып тұрғанда пісу барысы белгішесі көрсетіледі
- Бағдарлама аяқталғанда және «Жылы күйде сақтау» режимі қосылып тұрғанда «Жылы
күйде сақтау» белгішесі көрсетіледі. Дисплей «Жылы күйде сақтау» уақытын сол кезде
көрсетіп тұрады (минутпен бір сағатқа дейін санайды).
- Таңдалған салмақ және қызарту түрі
- Минутпен көрсетілетін пісіру уақыты
- Бағдарлама аяқталғанда «Fin» (Аяқталды) жазуы.
ҚазаҚша
63