UNIT USP-1080D инструкция по эксплуатации онлайн - страница 15


Инструкция UNIT USP-1080D для устройства мультиварка-скороварка содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.59 MB. Состоит из 33 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

KAZAKH

KAZAKH

28

29

Сізге  температура  мәндерін  еске  сақтаудың  қажеті  жоқ.      USP-1080D  жылдам  пісіргішінің 

артықшылықтары:

Функционалдық және басқарудың қарапайымдылығы

Электрлі жылдам пісіргіш үш құралдың – күріш пісіргіштің, буға пісіргіштің және жылдам пісіргіш 

– ыдыстың  функцияларын біріктіреді. Сіз жылдам пісіргіште кез – келген тағамды, оған қоса 

күріш,  ботқа,  көже,  қуырдақ,  балық  және  т.б.  пісіре  аласыз.      Сонымен  қатар,  бұл  құралды 

азықтарды  бұқтыру  және  буға  пісіру  мақсатында  пайдалануыңызға  болады.  Тағамды  әзірлеу 

үшін, сізге қысым және температура мәндерін қоюдың қажеті жоқ - құралды басқару басқару 

панеліндегі батырмаларды басумен шектеледі.  Сізге азықтарды жылдам пісіргішке салып, және 

қажеттілік болғанда бағдарламаланған пісіру уақытын өзгерту қажет, ал жылдам пісіргіш  оның 

ішіндегі тағамның пісірілуіне қажетті оңтайлы температура мен қысымды автоматты түрде ұстап 

тұрады. Тағамды пісіру үдерісі аяқталғаннан кейін, Сіз дыбыстық дабыл естисіз және жылдам 

пісіргіш жылуды ұстап тұру функциясын қосады.  

Кейінге қалтырылған қосылу функциясы (24 сағатқа дейін) 

– көрсетілген мерзім 

өткеннен  соң,  Сіз  жылдам  пісіргіштің  қосылуын  қалаған  уақытты  орнатыңыз  және  қойылған 

уақыт өткеннен соң, ол автоматты түрде қосылады.  

Жады функциясы

 – тағамды дайындау барысында электр энергиясы кенеттен сөніп қалған 

жағдайда, құрал автоматты түрде барлық пісіру орнатылымдарын еске сақтайды және құралды 

қосқан кезде, дайындау үдерісі, ол үзілген сәттен бастап ары жалғастырады.  

Тағамның жылдам пісірілуі, уақыт пен электр энергиясын үнемдеу

 

Жылдам  пісіргіште  азықтар  дайындалып  жатқан  азықтар  типімен  анықталатын  қысым 

астында пісіріледі, яғни азықтардың әрбір жеке типтері үшін дайындаудың оңтайлы тәсілі 

таңдалады – азықтар жылдамырақ пісіріледі – уақыт және электр энергиясы үнемделеді.  

 

Сіз тағамды жылдам пісіргіште дайындаған кезде, қарапайым бу пісіргіште дайындағаннан 

қарағанда, 15% - дейін уақытты,  20% - ға дейін электр энергиясын үнемдейсіз.   

 

Жылдам пісіргіште күріш ботқасын, көжені дайындау кезінде, сонымен қатар әдетте ұзақ 

бұқтырылатын  азықтарды  бұқтыру  кезінде,  Сіз      40%  уақыт  пен  45%  электр  энергиясын 

үнемдейсіз.

Дәмді және пайдалы тағамдар  

 

Жылдам  пісіргіште  тағамдар  ауа  кіргізілмей,    110-115°C  температурада  пісіріледі,  соның 

арқасында оларда көп дәрумендер мен минералдар, тағамдардың бастапқы дәмі сақталады.   

 

Дәстүрлі  тәсілдермен  әртүрлі  тағамдар  дайындаған  кезде  (плитада),  көп  мөлшерде 

жағымсыз  иіс  пен  бу  шығады.  Жылдам  пісіргіш  дайындалып  жатқан  азықтардың  иісі  мен 

буын шығармай пісіру мүмкіншілігін береді.   

Стильді дизайн, сапа және сенімділіктің үйлесімі 

Берілген  үлгі  стильді  дизайнға  ие,  заманауи  ыңғайлы  сенсорлы  панельмен  және  құралдың 

жұмысын ыңғайлы және қауіпсіз ететін, қорғаныстың сегіз дәрежесімен жабдықталған.  

 

Қауіпсіздік жүйесі 

Қақпақ құрал ішіндегі қысым өте жоғары болған кезде де максималды қорғанысты қамтамасыз 

ететіндей құрастырылған.  Сонымен қатар, егер іштегі қысым тым жоғары болса, Сіз Қақпақты 

аша алмайсыз, бұл Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өте маңызды.  Себебі, егер Сіз қысым астындағы 

құралдың  Қақпағын  ашсаңыз,  бұл  көп  мөлшердегі  будың  шығарылуы  мен  күйікке  алып  келуі 

мүмкін.  

 

Ішкі қысымның қауіпсіз мәнін ұстап тұру құралы

Егер ішкі қысымның мәні тағамды пісіруге қажетті қысымнан асып кетсе, қысымды төмендетудің 

Сақтандырғыш клапаны іске қосылады, бұл кезде құралдан ауа шығарылып, қысым төмендейді.  

 

Ішкі қысымды азайту құралы 

Ішкі қысымның қауіпсіз мәнін ұстап тұру құралы қосылмай қалса, ішкі қысымды азайту құралы 

қосылады  да,  артық  қысым  Қақпақтың  құралға  жанасу  орнында  орналасқан  қосымша  қорғау 

құрылғысы арқылы шығарылады.  

 

Құралдың автоматты түрде сөндірілу құрылғысы 

Егер Ішкі тостағанда азықтар болмаса, жылдам пісіргіш автоматты түрде сөндіріледі. 

 

Қызып кетуден қорғаныс 

Егер  Ішкі  тостағандағы  температура  қойылған  температурадан  асып  кетсе,  жылдам  пісіргіш 

автоматты түрде сөндіріледі.  

 

Желілік баудың ыстық беттерге тиюіне жол бермеңіз. Желілік бауды тартуға, бұрауға немесе 

созуға  болмайды.  Пайдалану  кезінде  Желілік  бау  үстел  шетінен  немесе  жұмыс  бетінен 

салбырамауы тиіс.

 

Құралдың  жиынтығына  кірмейтін  құрылғыларды,  аспаптарды  және  керек  –  жарақтарды 

пайдалану  өртке,  электр  тогының  соғуына  немесе  қайғылы  оқиғаға  алып  келуі  мүмкін.  

Құралмен  бірге  берілетін  аспаптар  мен  керек  –  жарақтарды  ғана  пайдаланыңыз.      Олай 

болмағанда, Сіз кепілдеме мен кепілдемелік қызмет көрсету құқығын жоғалтасыз.   

 

Құрал мен керек – жарақтарды тазарту үшін, абразивті тазартқыштар мен агрессиялы жуу 

құралдарын пайдаланбаңыз.  

 

Құралды  электр  желісіне  қосудан  бұрын,  құралда  көрсетілген  кернеу  (220-240  В,  50  Гц)  

Сіздің үйіңіздегі электр желісіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.  

 

Ішкі  тостағанда  азықтар  және/немесе  сұйықтық  болмаса,  жылдам  пісіргішті  ешқашан 

пайдаланбаңыз.  

 

Құралдың Ішкі тостағаны мен жылдам пісіргіштің өзін азықтарды сақтау үшін пайдаланбаңыз. 

 

Жылдам пісіргіште азықтарды сусыз пісіруге тыйым салынады!  

 

Егер де пісіру барысында, Сіз дыбыс дабылын естісеңіз және СК дисплейде қате кодының 

белгісі  пайда  болса  (төмендегі  кестені  қараңыз),  құралды  жедел  электр  желісінен 

ажыратыңыз және оны жөндету немесе баптау үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз. 

Бұл жағдайда құралды пайдалануға тыйым салынады.

Қателер кодтары

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

1.   Құралдың ішінде автоматты түрде қысым төмендесе, ерекше сақ болыңыз, себебі бұл сәтте, 

Сақтандыру клапанынан бу шығады. Ыстық будың бетке немесе қолға тиюін болдырмаңыз – 

күйіп қалу қаупі бар. 

2.   Ыстық беттер мен құралдың қақпағын ұстамаңыз. Құралдан қақпақты шешерден бұрын не 

месе тазалардан бұрын, құрал толық суығанша күтіңіз.    

3.   Қандай да болмасын жолмен, қақпақтың  құралдың  корпусына жанасу орнын оқшаулауға, 

мысалы оны орамалмен жабуға қатаң тыйым салынады.   

4.   Қысым  астындағы  құралдың  Қақпағын  ашуға  қатаң  тыйым  салынады.  Қақпақты  ашардан 

бұрын, құралдың ішіндегі қысымның мәні, қауіпсіз мәнге жеткенге дейін, күту қажет.  

5.   Құралдың қақпағын ашардан бұрын, құралды үнемі электр желісінен ажыратыңыз.  

БҰЛ  НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ  ҚҰРАЛДЫ  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  БҮКІЛ  МЕРЗІМІНІҢ  ІШІНДЕ 

САҚТАҢЫЗ!  

ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ  

 

Электрлі жылдам пісіргіш – бұл заманауи және көп функционалды құрал, Сіз онда Өзіңіздің 

сүйікті тағамдарыңызды оңай және жылдам дайындау аласыз.  Жылдам пісіргіште азықтар буға 

немесе өз нәріне пісіріледі, бұл оларды дайындау үшін майды пайдаланбауға мүмкіндік береді, 

бұл кезде қарапайым қайнату немесе қуыру кезінде жоғалатын дәрумендер мен минералдар 

сақталады.  

 

Электрлі  жылдам  пісіргіш  –  бұл  тек  өз  денсаулықтарын  ғана  ойлап  қоймай,  уақыттарын 

бағалайтын заманауи үй шаруасындағы әйелдер үшін таптырмас құрал. Сізге пештің маңайында 

тұрып,  тамақтың  пісуін  бақылаудың  қажеті  жоқ.    Сіз  бар  болғаны  жылдам  пісіргішке  барлық 

қажетті ингредиенттерді салып, тағамды дайындау параметрлерін қоясыз.   

USP-1080D  үлгісі  бейімделген  мәзірмен  жабдықталған,  соның  арқасында  Сіз  дайындағыңыз 

келген  тағамға  арналған  жұмыс  тәртібін  таңдай  аласыз.  Енді  жаңа  тағамдар  пісірген  кезде, 

Индикация коды Е1

Е2

Е3

Е4

Ақау 

Сенсорлы 

датчиктің 

электр жүйесі 

сөндірілген 

Сенсорлы 

датчиктің 

қысқаша 

тұйықталуы 

Құрал қызып 

кетті 

Сөндіргіш 

блокталуының 

дабылы 


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru