78
KZ
Тағам дайындау режимдері
!
Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа
барлық пісіру режимдері үшін 60 °С мен Макс.
аралығына орнатуға болады
• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС (Ең жоғары) деңгейін
орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
X
ДАҒДЫЛЫ ПЕШ
режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы режимін
пайдаланғанда тек бір тағам дайындау тартпасын
қолданған дұрыс болады. Бірден көп тартпа
қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей
болмауы мүмкін.
u
ПІСІРУ режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді
қажет ететін торт сияқты тағамдар) және ұннан
жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді 3
тартпада бірдей дайындауға арналған.
FAST COOKING
(ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске қосылады
да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді.
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет емес.
Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған немесе
алдын ала пісірілген) тағамды жылдам пісіруге
ыңғайлы болып табылады. Жақсы нәтижеге бір тағам
дайындау тартпасын пайдалану арқылы қол жеткізесіз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ПИЦЦА
режимі
Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі
элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып, пешті
жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп тартпа
қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ)
режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі қосылады.
Грильдің жоғары және тікелей жететін температурасын
беттік температураның жоғары болуын қажет ететін
тағамдар үшін қолданған жөн (бұзау мен сиыр еті, филе,
стейк, антеркот). Бұл пісіру режимі шектеулі қуат көлемін
қолданады және кіші тағамдарды грильде пісіруге
қолайлы. Тағамды тартпаның ортасына қоййыңыз,
әйтпесе бір бұрышқа қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.
ГРАТИН
режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса)
іске қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы
мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің
көмегімен қамтамасыз етілетін бір бағытқа жылылық
бөлінудің тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп
кетуін болдырмауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді.
!
ГРИЛЬ және ГРАТИН пісіру режимдерін қосқан
кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.
Тағам дайындау таймерін пайдалану
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
ТАЙМЕРІ тұтқасын сағат тілі бойынша бір толық
айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін, тұтқаны сағат
тіліне қарсы бұраңыз: ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
ТАЙМЕРІ тұтқасында көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі
және пеш өшіріледі.
4. Пеш өшірілгенде тағам дайындау таймерін
қалыптағы таймер ретінде пайдалануға болады.
!
Пешті қолмен пайдалану үшін, яғни тағам дайындау
таймері уақытының бітуін күткіңіз келмесе, ТАҒАМ
ДАЙЫНДАУ ТАЙМЕРІ тұтқасын
белгісіне дейін
бұраңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
!
Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
• Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
• Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал
тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
• ГРИЛЬ пісіру режимін қолданған кезде тартпаны
5-позицияға қойыңыз, ал тағам пісіру қалдықтарын
жинау (май және/немесе тоң май) үшін май
жинайтын табаны 1-позицияға орналастырыңыз.
ГРАТИН режимін қолданған кезде тартпаны 2-
немесе 3-позицияға орналастырыңыз, ал тағам
пісіру қалдықтарын жинау үшін май жинайтын
табаны 1-позицияға қойыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
PIZZA (ПИЦЦА) режимі
• Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.