28
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу машина-
сында жууға жарамсыз.
1. Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан аздап
сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2. Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3. Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және қалақты жұмсақ жуу
құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер араластыруға арналған қалақтың ішкі
бөлігі ластанған болса, оны біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап тазартыңыз.
4. Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су ақпа
-
лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ тамақпен байланысатын заттар үшін қолдануға ұсынылмайтын химиялық
агрессивті немесе кез келген басқа заттарды қолдануға болмайды.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын жағылған. Беттің зақымдануының
алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды сақтаңыз.
5. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы, пышақ немесе
айыр) пайдаланбаңыз.
6. Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың жоқ екендігіне көз
жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындағанша күтіп, қалақты арнайы ілмекпен шыға
-
рыңыз. Араластыруға арналған қалақпен абай болыңыз, себебі ол ыстық болуы мүмкін.
7. Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ ысқышты пайдала
-
ныңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы, тазартқыш ұнтақ) немесе қатты
ысқыштар пайдаланбаңыз.
8. Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант, жаңғақтар неме
-
се дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы жабынын зақымдауы мүмкін. Ин
-
гредиенттердің көп мөлшерін пайдаланған кезде оларды шағын бөліктерге бөліңіз.
Рецептілерде көрсетілген, ұсынылған көлемдерді және әрекет ету тәртібін сақтаңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай неме
-
се ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып табылмайды.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін
-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
VI. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Ақаулық
Ықтимал себептер
Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрлік қоректену сымы ро
-
зеткаға жалғанбаған
Электрлік сымның розеткаға қосылғандығына көз жеткізіңіз
Электрлік розетка ақаулы
Аспапты жарамды розеткаға қосыңыз
Электр желісінде тоқ жоқ
Электр желісінде кернеудің бар екендігін тексеріңіз. Егер ол
жоқ болса, сіздің үйге қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз
Аспап қосылды,
бірақ араластыру
жүрмейді
Сіз қамырды араластыруға ар
-
налған қалақты орнатпадыңыз
Пісіруге арналған қалыпты тазартып, қалақты қалып түбіне
орнатып, үрдісті қайтадан басыңыз
Дисплейде «ННН»
хабарламасы пайда
болды
Нан пісіргіш ішінде өте жоғары
температура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз. Аспап қақпағын ашып,
іштегі температура бөлме температурасына дейін төменде
-
генше күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны қайтадан
іске қосыңыз.
Дисплейде «LLL»
хабарламасы пайда
болды
Нан пісіргіш ішінде өте төмен
температура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз және оны температура
-
сы 15°С төмен болмайтын бөлмеге апарыңыз.
Аспап қақпағын ашып, іштегі температура бөлме температу
-
расына дейін көтерілгенше күтіңіз. Нан пісіргішті қосып,
бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз.
Дисплейде «ЕЕ0»
немесе «ЕЕ1» хабар
-
ламасы пайда болды
Температуралық қадаға жұмы
-
сындағы ақаулық
Аспапты электр желісінен сөндіріп, ол салқындағанша күтіңіз.
Нан пісіргішті электрлік желіге қосып, бағдарламаны қайтадан
іске қосыңыз. Егер хабарлама қайталанса, авторландырылған
сервис орталығына жүгініңіз.
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жү-
гініңіз.
VII. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші кепілдік
кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен
материалдар немесе құрыдың сапасы жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық
ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонын
-