22
ҚАЗАҚ
МЕХАНИКАЛЫҚ БАСҚАРЫЛАТЫН
АЭРОГРИЛЬ
АЭРОГРИЛЬДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Аэрогриль
– көптеген асханалық
жылулық аспаптарды: тостерді, ростерді,
электр пешін, газ пешін, қысқа толқынды
пешті, жəне т.б. алмастыра алатын
қазіргі заманғы əмбебап тұрмыстық
аспап.
Аэрогриль қақпағына галогенді
қыздырғыш элемент жəне желдеткіш
орнатылған, торларда орналасқан
азық-түлік жан-жағынан ыстық ауамен
желдетіледі, бұл бірқалыпты пісуге
мүмкіндік береді, ыстық ауа түтін мен
ыстың пайда болуына жол бермейді.
Азық-түлік ыстық ауамен қыздырылған
кезде артық май тостағанға ағады,
соның арқасында азық-түлік өз сөлінде
пайдалы заттар мен дəрумендерді
сақтап піседі.
Аэрогрильдің шыны тостағаны ыстыққа
төзімді шыныдан жасалған, ол азық-
түліктің пісу процесін көзбен бақылауға
мүмкіндік береді.
Аэрогрильде азық-түлікті дайындау
уақытында дəстүрлі электр пешіне
қарағанда азырақ электр энергиясы (20%
дейін) жұмсалады.
СИПАТТАМАСЫ
1. Қыздырғыш элемент жəне басқару
тақтасы бар қақпақ
2. Желіге қосылу көрсеткіші
3. Таймер
4. Сап
5. Температура реттегіші
6. Қыздыру элементінің іске қосылу
көрсеткіші
7. Шыны тостаған
8. Аласа тор
9. Биік тор
10. Қысқыш-ұстауыштар
11. Тостаған көлемін үлкейткіш сақина
12. Тостағанның тіреуі
ҚАҚПАҚ
Қақпақта (1) галогенді қыздырғыш
элемент жəне аэрогрильдегі азық-
түлікке ыстық ауаны жеткізетін
желдеткіш орналасқан. Температура
реттегішімен (5) жəне таймермен (3)
сіз аспапты басқарасыз. Көрсеткіш (2)
желілік баудың айыртетігін ашалыққа
қосқан кезде жанады, ал көрсеткіш (6)
қыздырғыш элементті іске қосқан кезде
жанады.
Аэрогрильдің жұмыс істеуі уақытында
қақпақтың сабын (4) көтеріп, сіз
қыздырғыш элементті ажыратасыз,
егер сапты (4) түсірсе, онда қыздырғыш
элемент қайтадан іске қосылады.
ШЫНЫ ТОСТАҒАН
Тостаған (7) ыстыққа төзімді шыныдан
жасалған, бұл дайындалу процесін
бақылауға мүмкіндік береді. Азық-түлік
жан-жағынан ыстық ауамен желдетіледі,
бұл аэрогрильде дайындалып жатқан
азық-түліктің бірқалыпты қызуын
қамтамасыз етеді.
АЛАСА ТОР
Тор (8) азық-түлікті булап пісіргенде,
құмырада асты дайындауға, тостаған
көлемін үлкейткіш сақинасын (11)
пайдаланған кезде көлемді азық-түлікті
орналастыру үшін пайдаланылады.
БИІК ТОР
Тор (9) ыстық май жаққан нан мен
қуырылған нанды дайындау үшін
пайдалынылады, жəне көлемді
үлкейткіш сақинасын (11) пайдаланған
кезде немесе бірнеше асты бір мезгілде
пісіргенде өте қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сіз екі торды бір мезгілде сүрленген
балықты, қауапты дайындаған кезде,
кептіргенде жəне т.б. дайындағанда
пайдаланыңыз. Екі тор отбасы үшін
MW-1951.indd 22
MW-1951.indd 22
14.09.2010 15:11:56
14.09.2010 15:11:56