26
2. «ОТСРОЧКА» түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы мен шегерілген старт уақы
-
тының индикаторы (дисплейде) жыпылықтайтын болады.
3. Уақыт мәнін өзгерту үшін «+» немесе «–» түймешігін басыңыз. «+» түймешігін басқан
-
да уақыт мәні ұлғаяды, «–» түймешігін басқанда — азаяды. Мәнді тез өзгерту үшін
қажетті түймешікті басып, ұстап тұрыңыз. Ең жоғарғы мәнге жеткенде уақытты орна
-
ту диапазон басынан жалғасады.
4. «СТАРТ» түймешігін басыңыз. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін іске қосуға дейін
қалған уақыттың кері есебі басталады.
5. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» түймешігін басыңыз,
содан кейін әзірлеудің бүкіл бағдарламасын қайта енгізу қажет болады.
МАҢЫЗДЫ! Егер тағам ішінде тез бұзылатын азық-түлік болса (жұмыртқа, жаңа сауылған
сүт, ет, ірімшік және т. б.), шегерілген старт функциясын қолданбаған жөн.
«ЖАРКА» бағдарламасында «Отложенный старт» функциясы қол жетімсіз. «Отложен
-
ный старт» функциясында уақытты орнатқанда «НА ПАРУ» бағдарламасында уақыттың
кері есебі тек су қайнаған соң ғана басталады.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоқыздыру)
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоматты түрде қосылады және дайын
тағам температурасын 70–75 °С шегінде 12 сағаттың ішінде ұстай алады. Дисплейде осы
режимде жұмыс уақытының тікелей есебі көрінеді. Қажет болғанда «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ»
түймешігін басып, автоқыздыруды өшіруге болады (түймешік индикаторы өшеді). Бұл
функция «ЙОГУРТ» ағдарламасында қол жетімсіз.
Автоқыздыруды алдын ала өшіру
REDMOND RMC-M29 мультипісіргіштерінде негізгі әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң
автоқыздыру функциясын алдын ала өшіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін бағдарла
-
ма басталған соң «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» индикаторы өшкенше «СТАРТ» түймешігін басыңыз.
Автоқыздыруды қайта қосу үшін, «СТАРТ» түймешігін тағы бір басыңыз «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ»
индикаторы жанады.
Ыңғайлылық үшін, тағам 70 °С төмен температурасында әзірленген ждағдайда автоқыз
-
дыру функциясы әдепкідей өшеді. Қажет болғанда оны әзірлеу бағдарламасы қосылған соң
«СТАРТ» түймешігін басып, қолмен қосуға болады «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» индикаторы жанады).
Тағамды қыздыру функциясы
Суық тағамды қыздыру үшін:
1. Азықты табаққа салып, оны аспаптың корпусына орнатыңыз. Оның қыздыру элементі
-
не тығыз тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз, мультипісіргішті электр тоғына қосыңыз.
3. «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» түймешігін басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады және
қыздыру қосылады. Таймерде аспаптың осы режимде жұмыс істеу уақытының тікелей
есебі көрінеді. Тағам 70–75 °С дейін қыздырылады. Осы температура 12 сағаттың
ішінде ұсталуы мүмкін.
4. Қажет болғанда «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» түймешігін басып, қыздыруды өшіруге болады.
Дисплей мен түймешіктегі индикаторлар өшеді.
МАҢЫЗДЫ! Мультипісіргіш азықты қызу күйінде 12 сағатқа дейін сақтай алатынына
қарамастан, тағамды қызған күйде екі-үш сағаттан артық қалдыруға кеңес берілмейді,
өйткені бұл жағдай кей кезде оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100 °С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату
үшін «ВЫПЕЧКА», «ЖАРКА» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1. Ингредиенттерді рецептке сәйкес дайындаңыз, табаққа салыңыз. Барлық ингреди
-
енттер (сұйықтықты қоса) табақтың ішкі бетіндегі шкаланың ең жоғары белгісінен
төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспаптың корпусына қойып, біраз бұрыңыз және ол қыздыру элементіне тығыз
тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр
желісіне қосыңыз.
3. Дисплейде таңдалған бағдарлама индикаторы пайда болғанша, «МЕНЮ» түймешігін
басып отырып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
4. «ВРЕМЯ» түймешігін басып, әзірлеу уақытын орнату режиміне өтіңіз. Түймешік инди
-
каторы мен әзірлеу уақытының индикаторы (дисплейде) жыпылықтайтын болады.
Әзірлеудің таңдалған бағдарламасы үшін қарастырылған уақыттың ықтимал диапа
-
зоны мен орнату қадамын ескеріңіз. Уақыт мәнін өзгерту үшін «+» немесе «–» түй
-
мешігін басыңыз. «+» түймешігін басқанда уақыт мәні ұлғаяды, «–» түймешігін басқан
-
да — азаяды. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып, ұстап тұрыңыз. Ең
жоғарғы мәнге жеткенде уақытты орнату диапазон басынан жалғасады.
«НА ПАРУ» бағдарламасында әзірлеудің енгізілген уақытын кері есептеу су қайнаған
және табақта будың жеткілікті мөлшері түзілген соң басталады.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
5. «СТАРТ» түймешігін басыңыз. Әзірлеу уақыты және әзірлеу жұмысының уақытының
кері есебі басталады.
6. Әзірлеу бағдарламасы аяқталғанда сигнал естіліп, оның индикаторы сөнеді. Аспап
теңшелімдеріне байланысты аспап автоқыздыру режиміне («ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ»
түймешігінің индикаторы жанады, дисплейде автоқыздыру жұмысының уақытының
кері есебі көрінетін болады) немесе күту режиміне өтеді.