59
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Жұлдызшалар нені білдіреді?
Тоңазытқышта сақтаудың қажеті
жоқ өнімдер
• Тоңазытқышта сақтау үшін барлық өнімдер
жарамайды. Осындай өнімдерге: банан,
авокадо, папая, маракуя, баялдылар,
қызыл бұрыш, қызанақ және қияр сияқты
төмен температураға сезімтал жемістер
мен көкөністер, піспеген жемістер,
картоп, пармезан сияқты кейбір қатты
ірімшіктер жатады.
• Ең салқын аймақ көкөністер мен жемістерді
сақтауға арналған науалардың (жәшіктердің)
тура үстінде орналасқан.
Осы аймақта:
балық, ет, құс еті
шұжық өнімдері, дайын өнімдер
құрамында қаймағы немесе жұмыртқасы бар
тағамдар және нан-тоқаш өнімдері,
жаңа пісірілген нан, пирожный сияқты
өнімдердің затбелгісінде шамамен 4°C
температура барысында сақтау керек екендігі
жазылған, оралған көкөністер, жемістер және
басқа балғын өнімдер
сияқты тез бұзылатын және нәзік өнімдерді
сақтау ұсынылады.
• Ең жылы орын есіктің жоғарғы бөлігі. Осы
жерде май мен ірімшікті сақтаған жөн.