56
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ
Өнімдерді тоңазытқышта және мұздатқышта сақтау
Осы құрылғыда өнімдерді сақтау
барысында берілген кеңестерге
сәйкес әрекет етіңіз.
• Өнімдерді тәрелкелерге, сыйымдылық-
тарға салған немесе өндірістік
үлдірлерге ораған жөн. Сөрелерде
біркелкі етіп қойыңыз.
• Өнімдердің артқы қабырғаға жанаспай-
тынына назар аударған жөн, өйткені
бұл өнімдердің тоңазып немесе
ылғалданып қалуына әкеліп соғуы
мүмкін.
• Ішіндегісі ыстық сыйымдылықты
тоңазытқышқа салуға болмайы.
• Май, сүт, сүзбе сияқты бөгде иістерді
оңай сіңіріп алатын өнімдерді және
мысалы, балықтар, шұжықтар, ірімшік-
тер сияқты қарқынды иіс шығаратын
өнімдерді – үлдірлі орамаға немесе
мұқият жабылған сыйымдылықтарға
салып, сөрелерге орналастырған жөн.
• Құрамында көп суы бар көкөністерді
сақтау көкөністерге арналған жәшік-
тердің үстінде су буының жиналуына
әкеліп соғады; бұл тоңазытқыштың
дұрыс жұмыс жасауына кедергі
тудырмайды.
• Тоңазытқышқа көкөністерді салмас
бұрын, оларды мұқият кептірген жөн.
• Ылғалдың өте көп мөлшері көкөністер-
дің, әсіресе жапырақтылардың сақтау
мерзімін қысқартады.
• Көкөністерді сақтау мақсатында
тоңазытқышқа салмас бұрын оларды
жуудың қажет жоқ. Жуу барысында
табиғи қорғағыш үлдірі жойылады,
сондықтан көкөністерді тікелей оларды
қолдану алдында жуған жақсы.
Өнімдерді мұздату
• Мұздатқыш буландырғышының сымды
сөрелеріне өнімдерді салу және орна-
ластыру үшін және оларды барынша
жоғары биіктікке жинау үшін үлкенірек
кеңістік алу мақсатында 1, 2 кәрзеңкені
алып тастауға болады.
6
• Шикі күйінде қолданылатын, мысалы,
жасыл салаттан басқа көкөністерді есеп-
темегенде, барлық азық-түлік өнімдерін
мұздатуға болады.
• Мұздату үшін тек бір реттік қолдануға
арналған, үлестерге бөлінген, өте жоғары
сапалы азық-түлік өнімдерін қолданған
жөн.
• Өнімдерді иісі жоқ, ауа мен ылғалдың
енуіне төзімді, сонымен қатар, майларға
сезімталдылығы аз материалдарға
ораған жөн. Ең жақсы материалдар:
пакеттер, полиэтилен үлдірі, алюминий
жұқалтыр болып табылады.
• Орама тығыз болуы қажет және
мұздатылған өнімдермен мұқият жанасуы
қажет. Шыны орамаларды қолданбаған
жөн.
Мұздатқыш
буландырғышы-ның
тор тәрізді сөресі
Кәрзеңке
(жәшік)
Төменгі кәрзеңке
Жүктеменің табиғи шекарасы