Kz
Пайдалану нұсқаулығы
WA-33
54
5.4.Өлшеу үрдісі
Ескерту.
Өлшемдерді бірінен кейін бірін, аз уақыт өткеннен соң қайталауға болмайды,
себебі өлшем нәтижелері ауытқиды. Өлшемді қайталау алдында бірталай отырыңыз
немесе жата тұрыңыз. Содан соң, манжета дұрыс орналастырылғаннан кейін және
тартылғаннан кейін өлшемді қайталауға болады:
а) («Старт» - «Бастау») түймесін басыңыз. Енгізіле орнатылған шағын процессор
автоматты түрде манжетаға ауа үре бастайды, ал дисплейде манжетадағы қысым шамасы көрсетіледі
б) Манжетадағы қысым өлшем жасау үшін қажетті деңгейге жеткеннен кейін
(манжетаға үрілетін ауаның Fuzzy Logic дербес деңгейлік жүйесі) манжетадан
ауа автоматты түрде шығарыла бастайды.
Өлшеу үрдісі басталды!
Босаңсыңыз, қозғалмаңыз, өлшем аяқталғанша қолыңызды қыздырмаңыз және қозғалтпаңыз! Қалыпты тыныс алыңыз!
в) Тамыр соғысы анықталған жағдайда дисплейде белгі пайда болады және жүрек соққан сайын дыбыстық дабыл беріліп
отырады.
г) Ұзақ дыбыстық дабыл өлшемнің аяқталғандығын білдіреді.
Манжетада қалған ауа автоматты түрде шығарылады.
Дисплейде бір мезетте артериялық қысым мен тамыр со,ысы жиілігінің мәндері көрсетіледі.
д) Бұл белгі
өлшеу барысында тамыр соғысы жиілігінің бұзылуының анықталғандығын білдіреді.
Мұндай жағдайда нәтиже Сіздің қалыпты артериялық қысымыңыздан өзгеше болуы мүмкін – өлшеуді
қайталаңыз. Көптеген жағдайларда бұл алаңдауға себеп болып табылмайды. Маңыздысы сіз босаңсыған, қалыпты, салмақты болуыңыз керек
және өлшеу жасау барысында сөйлеспеу керек. Егер мұндай белгі үнемі пайда болып отырса (мысалы, күн сайын өлшеу барысында аптасына
бірнеше рет) бұл туралы дәрігерге мілімдеме жасаңыз.
е) Құрал түймесін басу арқылы қосылады немесе жалпылай автоматты түрде, бірнеше секундатн соң қосылады.