Kz
Пайдалану нұсқаулығы
WA-33
44
1.Кіріспе.
1.1. WA-33 құрылғысының ерекшеліктері.
Артерия қысымын және тамыр соғуын өлшеуге арналған B.Well фирмасының WA-33 автоматты электрондық құрылғысын сатып алғаныңызға
рақмет. Бұл құрылғы артерия қысымын қарапайым және дәл өлшеуді, оған қоса, осциллометрикалық әдіс арқылы жүрек соғуының азаю жиілігін
өлшеуді қамтамасыз етеді. Артерия қысымы – маңызды параметр, ол бойынша Сіз денсаулығыңыздың бақылай аласыз. Бұл құрылғы артерия
қысымын үнемі бақылап тұруға көмектеседі.
WA-33 иық аумағындағы артерия қысымын өлшеу үшін қолданылатын толығымен автоматты құрылғы болып табылады
•
«Fuzzy logic» қазіргі уақыттағы өлшеу технологиясы.
Құрылғыда осы күнгі «Fuzzy logic» технологиясы қолданылады, ол жылдам, дәл
және аурусыз нәтиже алу үшін манжетке ауа толтырудың дара деңгейін қамтамасыз етеді.
•
Ырғақсыздық диагностикасы.
WA-55 артерия қысымын өлшеуіш дыбыстық сигналы бар ырғақсыздық индикаторымен жасақталған, ол
қалыпты жиіліктің бұзылғаны туралы немесе өлшеу барысындағы жүрек соғысының дүркін-дүркін қысқаруы туралы хабарлайды.
•
Еуропалық гипертензия қауымдастығының (ESH) классификациясына сәйкес қысым индикациясының түрлі-түсті шкаласы бар
•
Үлкен 3-жолақты дисплей
•
Бір түймешікпен қарапайым басқару
•
Басқару түймешіктері артқы жарығы
•
Соңғы өлшеудің жады
•
Жуылатын алмалы-салмалы қабы бар, 22-42 см қол құлашына ыңғайлы әмбебап манжет
•
Қысым деңгейін көрсету.
Еуропалық гипертензия қауымдастығының (ESH) классификациясына сәйкес B.Well компаниясының
тонометрі қысым деңгейінің индикаторымен жабдықталған, ол сіздің өлшеу нәтижеңіз Еуропалық гипертензия қауымдастығының (ESH)
классификациясы бойынша қандай артерия қысымына сәйкес келетінін көрсетеді.
•
Батарея зарядын азайту индикаторы.
Батареялардың зарядын азайту индикаторымен құрылғыдағы батареяларды ауыстыра аласыз.
•
Автоматты түрде ажырату.
Егер құрылғы бір минуттай қолданылмаса, батареяны үнемдеп жұмсау үшін құрылғы автоматты түрде
өшіріледі.
•
Желілік адаптерді қосу мүмкіндігі бар.
Пайдаланушының ыңғайлылығы және батареяларды үнемді пайдалану үшін WA-33 құрылғымен
бірге желілік адаптер берілген.
•
Құрылғының
дәлдігі клиникалық сынақтар арқылы дәлелденген.
Құрылғыны қолданудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз; нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Егер артерия қысымына және оны өлшеуге
қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.