31
Жинақталуы
1.
Құрал
2.
Қондырма-қылшақ
3.
Суға арналған стақан
4.
Пайдаланушының нұсқаулығы
5.
Құралды сақтауға арналған қап
6.
Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
7.
Кепілдік талоны
Құралды жұмысқа дайындау
Барлық орама материалдарды алып тастаңыз.
Құралда көрсетілген кернеу электр желісіндегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құралдың сыртқы қабатын сәл ғана ылғал шүберекпен сүртіңіз де, содан кейін құрғатыңыз.
Құралды алғашқы рет пайдаланудың алдында керек емес матаның бөлігін бумен жібітіп
үтіктеңіз, бұл құрал бетінің таза екендігін куәландыруға қажет.
Өндіру барысында бумен жібітетін үтіктегіштің кейбір бөліктері майланған, соған
байланысты оны алғашқы рет іске қосқанда түтін шығуы мүмкін. Біраз уақыт өткеннен
кейін түтін шығуы тоқтайды.
Құралды пайдалану
-
Суға арналған сауытты өзіне қарай тарта құралдан шығарыңыз.
-
Су құюға арналған шүмекті ашыңыз.
-
Сауытты толығымен сумен толтырыңыз және қақпақты нықтап жабыңыз. Құралдың
сыртқы бетіне тамған тамшыларды құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
-
Сауытты қайта орнына орнатыңыз.