29
Желіге қосылған бумен жібітетін үтіктегішті қараусыз қалдыруға болмайды. Үтіктеп жатқан
бөлмеден шығар алдында бумен жібітетін үтіктегішті желіден ажыратыңыз, Сіз аз ғана
уақытқа шығатын болсаңыз да, бұл ережені жоққа шығаруға болмайды.
Балаларды бумен жібітетін үтіктегішке жақындатпаңыз, себебі будың теріге тиюі дененің
күйюіне алып келуі әбден мүмкін.
Жұмыс барысында күйіп қалмау үшін құралды буды жіберу батырмасы деңгейінде қолыңызда
ұстаңыз, себебі үтіктегіштің жоғарғы бөлігі жұмыс барысында қызады.
Буды жіберуге арналған саңылауларды жаппаңыз және оған бөгде заттар салмаңыз.
Адамның үстіндегі киімді бумен үтіктеуге тыйым салынады.
Бумен жібітетін үтіктегішті қосулы күйінде пеш немесе өзге де электр қыздырғыш
құралдардың жанында пайдалануға болмайды.
Құралды жазық, ылғалды өткізбейтін қабатта тігінен орнатыңыз, оны көлденең орналастырып,
кері қаратуға болмайды.
Құралдың жиынтығына кіретін қондырмаларды ғана қолданыңыз.
Құралда су жоқ болса оны іске қоспаңыз. Сауыттағы судың мөлшері азайғанда тез арада
құралды сөндіріңіз.
Құралды адамдарға, жануарларға, сондай-ақ жиһазға, электр құрылдарға, кітаптарға, ыстық
будың әсерінен зақымдалатын кез келген заттарға бағыттауға тыйым салынады.
Желілік сымды ыстық заттармен немесе үтіктің табанымен жанасуға жол бермеңіз.
Бумен жібітетін үтіктегішті тазалағанда, оны сақтау кезінде немесе суға арналған сауытты
толтырғанда сөндіріңіз.
Зақымдалған бумен жібітетін үтіктегішті пайдаланбаңыз. Құралда ақау пайда болса оны
жөндеу үшін құралды өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу жұмыстары қолданушыға қауіп-қатер
төндіруі мүмкін немесе сәтсіз оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
Суға арналған сауытқа сірке қышқылын немесе қақ түсіретін заттарды құюға болмайды.
Сауытқа тұрмыстық сүзгіден қосымша тазалықтан өткен таза суды құйыңыз (қажет болған
жағдайда). Газдалған су мен әтір қоспаларын пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыздар! Құралды қайта орамас бұрын оның тік қалпында сууын күтіңіз.
Пайдалану саласы
Құрал бұл нұсқаулыққа сәйкес тек үйде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған. Құралды
өнеркәсіпте қолдануға болмайды.
Өндіруші құралды дұрыс қолданбау немесе бұл нұсқаулықта қарастырылмаған қолдану
нәтижесінде пайда болған зақым үшін жауапкершілік тартпайды.
Бумен жібітетін үтіктегіш кез келген мата түрін, киімдегі бүрмелерді үтіктеуге арналған.
Құралды белгілі бір матаның түріне немесе киімге қолдануға күмәндансаңыз, киімдегі жазба
белгілерді басшылыққа алыңыз. Егер бұндай ақпарат болмаса, матаны теріс жағынан үтіктеп
көріңіз.
Жібек, барқыт секілді маталарды үтіктеу барысында құралды белгілі бір қашықтықта ұстаңыз.