27
Бумен жібітетін шағын үтіктегіш
POLARIS
Моделі PGS 1005C
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар ............................................................................................ 28
Құрал қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар ............................................................................... 14
Пайдалану саласы ................................................................................................................................. 30
Құралдың сипаттамасы ...................................................................................................................... 31
Жинақталуы ......................................................................................................................................... 32
Құралды жұмысқа дайындау ............................................................................................................... 32
Құралды пайдалану .............................................................................................................................. 32
Құралды күту және сақтау ................................................................................................................... 37
Егер Сізде қандай да бір қыйындық туындаса .................................................................................. 38
Техникалық сипаттамасы .................................................................................................................... 39
Сертификаттау жөніндегі ақпарат ..................................................................................................... 39
Кепілдік міндеттеме .............................................................................................................................. 40
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды тек қана мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен желілік сым жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және ылғалға
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды пайдалануды
жалғастырмасаңыз, онда оны әрдайым сөндіріп қойыңыз.