25
KAZ
RBM-M1920
дысында 10 минут бойы сақталады. Электрлік қоректенуді жандандырған кезде бағдар-
ламаның орындалуы автоматты жалғастырылады.Қоректену 10 минуттан астам болмаған
жағдайда баптаулар өшіріледі. Баптаулар өшірілген жағдайда электр желісіне қайта қо-
сылған жағдайда аспап күту тәртібіне ауысады.
Бағдарламаны қайта іске қосқан кезде әзірленген нан сапасы қалаулы нәтижеге сәйкес
келмеуі мүмкін екендігін ескеру керек.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қамырды араластыруға арналған қалақшаны пісірмеге арналған қалыптағы өзекке
орнатыңыз. Қосылыстың берік екендігіне көз жеткізіңіз. Әзірлеуге арналған ыдысты
және қалақты маймен майлаңыз.
2. Таңдалған рецептіге сәйкес қажетті ингредиенттерді өлшеп, оларды тостағанға салыңыз.
Нан пісірген кезде және қамырды дайындаған кезде: рецептіге сәйкес негізгі және
қосымша ингредиентерді дайындаңыз. Егер рецептіде басқаша көрсетілмесе, барлық
ингредиенттер бөлме температурасында болу керек. Негізгі ингредиенттерді нан
пісіруге арналған қалыпқа рецептіде көрсетілген реттілікте салыңыз.
3. Нан пісіруге арналған қалыпты абайлап нан пісіргіштің қыздырғыш камерасына ен-
гізіңіз, осы кезде оны аздап сағат тіліне қарсы бұрау керек. Қалып жетекті білікпен
түзу, қиғаштықсыз жалғасу керек. Қалыпты тірелгенше сағат тілі бойынша бұрап, оны
бекітіңіз. Қарау терезесі бар қақпақты жабыңыз.
Жұмыс ыдысын ширек бөліктен асыра немесе, аса қажет жағдайда, үштен бір бөлігінен
асыра толтырмаңыз. Өзге жағдайда көтерілген кезде қамыр қалып жиектерінен қыз
-
дырғыш камераға төгіліп, қыздырғыш элементке түсуі және жетекті ластауы мүмкін,
бұл, өз кезегінде, аспаптың сынуына алып келеді.
Алдымен қалыпта сұйық ингредиенттерді (су, сүт) және/немесе жұмыртқаларды ара
-
ластырыңыз. Су бөлме температурасында болу керек, себебі жоғары температура қа
-
мырдың көтерілуіне жағымсыз әсер етеді. Стартты кейінге қалдыру тәртібін пайда
-
ланған кезде тек құрғақ сүтті пайдаланыңыз, өзге жағдайда сүт әзірлеу басталғанша
ұйып кетуі мүмкін.
Ашытқыны немесе қопсытқышты соңғы кезек қосыңыз. Бұл компоненттер сұйықтықтар
-
мен жанаспау керек, әйтпесе ашу үрдісі тым ерте басаталады: нәтижесінде қатты,
қатаң және қатқыл нан дайындалады. Ашытқы тұзбен жанаспау керек. Ұн үйіндісінде
ойық жасап, сонда ашытқыны немесе қопсытқышты салу ұсынылады.
4. Нан пісіргішті электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді және күту
тәртібіне ауысады.
5. «МЕНЮ» батырмасы көмегімен әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз. «ЗАМЕС» және
«МУЛЬТИПЕКАРЬ» бағдарламаларын сіз басқару панеліндегі тиісті пернелермен таңдай
аласыз.
6. Қажет кезде әзірлеу уақытын өзгертіңіз немесе стартты кейінге қалдыру уақытын орна-
тыңыз («Әзірлеу уақытын орнату» және «Бағдарлама стартын кейінге қалдыру» қараңыз).
Баптау барысында «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ» пернесін басу – баптамаларды нөлге түсіруге
және күту тәртіптемесіне өтуге әкеледі.
7. Пісірменің салмағын өзгерту үшін «ВЕС/КОРОЧКА» пернесін басыңыз, одан кейін
және пернелерінің көмегімен дайын пісірме салмағының мәнін орнатыңыз. Ре-
цептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын ингредиенттер мөлшеріне
сүйеніңіз. Пісіруге арналған таңдап алынған салмақ индикаторы белгі береді. Әдепкі
қалыпта 750 г салмақ белгіленген. Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдар-
ламаларда қарастырылмаған. Бірнеше секундтан кейін дисплейдегі индикатор жы-
пылықтауды доғарып, орнатылған параметр сақталады.
8. Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау үшін «ВЕС/КО-
РОЧКА» пернесін екі рет басыңыз, одан кейін және пернелерінің көмегімен
қалаулы параметрді таңдаңыз. Таңдап алынған корочка түсінің индикаторы үздіксіз
жанып тұрады. Тағайындалу бойынша «Средняя» (Орташа) шамасын орнатылған. Қа-
бықша түсін таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған (Автомат-
ты әзірлеу бағдарламаларының жиынтық кетсесін қараңыз). Бірнеше секундтан кейін
дисплейдегі индикатор жыпылықтауды доғарып, орнатылған параметр сақталады.
9. «СТАРТ/ПАУЗА» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері санағын
бастайды. Әзірлеу барысында дисплейдің төменгі бөлігіндегі индикаторлар әзірлеу
кезеңін көрсетеді.
Егер стартты кейінге қалдыру қызметі белсенді болса, дисплейде бағдарламаның жал
-
пы жұмыс уақыты көрінеді (кейінге қалдыруды қоса алғанда).
Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін бақылау керек. Одан
дөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір түзілмесе, ингредиенттер дұрыс араласпаған.
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша тоқтату үшін «СТАРТ/
ПАУЗА» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды. Бағдар
-
лама жұмысын жалғастыру үшін «СТАРТ/ПАУЗА» батырмасын қайта басыңыз.
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан мотор дыбысы
естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе пісірілген кезде қақпақты ашу дайын
өнім сапасының төмендеуіне алып келеді.
10. Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Осыдан
кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап автоматты түрде автожылыту тәртібіне
немесе күту тәртібіне ауысады.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нанды шығарып алмаңыз және кеспеңіз. Оны нан пісіретін
пештің автожылытуы қосулы күйінде 1 сағатқа қалдыруға кеңес беріледі. Одан кейін дайын
өнімді аспаптан шығарып алып, толығымен суығанша бетін сүлгімен жауып қою керек.
11. Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін «ОТМЕНА/РАЗОГРЕВ»
батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
12. Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен ажыратыңыз.