PHILIPS Avent Natural SCF332/01 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 60


Инструкция PHILIPS Avent Natural SCF332/01 для устройства молокоотсос электронный содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.69 MB. Состоит из 136 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

Проблема

Шешімі

Сүтті сору құралын 

пайдаланғанда 

ауруды сезінемін.

Сүтті сору құралын пайдалануды тоқтатып, емізу бойынша 

кеңесшімен ақылдасыңыз. Сүтті сору құралы емшектен оңайлықпен 

алынбаса, емшек пен массаж жастығының арасына немесе емшек пен 

сүтті сору құралының түтігі арасына саусақты кіргізу арқылы ауа 

кіргізу керек болуы мүмкін.

Сүтті сору құралы 

шытынаған.

Жиі пайдаланған жағдайда, кейбір аз жарықтар қалыпты болып 

табылады және ешқандай проблема тудырмайды. Дегенмен, сүтті 

сору құралының бөлігі қатты шытынаса немесе жарылса, оны 

пайдалануды тоқтатып, Philips тұтынушыларды қолдау орталығына 

хабарласыңыз немесе қосымша бөлік алу үшін www.philips.com/shop 

веб-торабына кіріңіз. Тазалау заттары, зарарсыздандыру сұйықтығы, 

жұмсартылған су қосындылары және температура өзгерулері белгілі 

бір жағдайларда пластмассаның сынуына әкеледі. Пластмассаны 

зақымдайтындықтан, абразивті немесе бактерияға қарсы тазартқыш 

заттарды пайдаланбаңыз.

Сүтті сору құралы 

жұмыс істемейді 

және қосу/өшіру 

түймесі 

жыпылықтайды.

Алдымен сүтті сору құралын дұрыс жинағаныңызды және түтікте 

майысқан жерлер жоқ екенін тексеріңіз. Егер SCF332 жабдығы 

батареялардан жұмыс істеп жатса, батареяларды «Пайдалануға 

дайындау», 5-әрекеттегі нұсқауларға сай ауыстырыңыз. Егер SCF334 

немесе SCF332 жабдығы қуат көзінен жұмыс істеп жатса, өніммен 

бірге берілген адаптер пайдаланылып жатқанын тексеріңіз. Егер 

мәселе қайталанса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына 

хабарласыңыз.

Ешқандай соруды 

сезінбеймін.

«Пайдалануға дайындау» тарауындағы қадамдарды орындау арқылы 

сүтті сору құралын дұрыс жинағаныңызды тексеріңіз. Силикон түтік 

моторға, қақпаққа және диафрагмаға берік бекітілгенін тексеріңіз.

Силикон түтікті 

ауыстыру керек, бірақ 

оны алу әдісін 

білмеймін.

Түтікті алу үшін оны моторға жақын жерінен ұстап, айналдыра 

отырып тартыңыз. Түтікті қайта жалғау үшін түтікті мотордағы 

қосқышқа жайлап айналдырып отырғызыңыз. Оның берік бекітілгенін 

тексеріңіз.

ҚазаҚша

60


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru