PHILIPS Avent Natural SCF332/01 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 54


Инструкция PHILIPS Avent Natural SCF332/01 для устройства молокоотсос электронный содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.69 MB. Состоит из 136 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

Маңызды

Сүтті сору құралын пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, 

болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті жағдайлар

 

-

Мотор мен адаптерді құрғақ ұстаңыз.

 

-

Сүтті сору құралын ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолданбаңыз.

 

-

Сүтті сору құралын ванна жанында қоймаңыз немесе сақтамаңыз.

 

-

Суға түсіп кеткен өнімді ұстамаңыз. Бірден қуат көзінен ажыратыңыз.

абайлаңыз

 

-

Әрқашан пайдаланудан кейін бірден сүтті сору құралын қуат көзінен ажыратыңыз.

 

-

Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, 

физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ, білімі мен тәжірибесі 

аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл сүтті сору құралын қолданбауы керек.

 

-

Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

 

-

Балаларға немесе үй жануарларына мотормен, адаптермен немесе жабдықтармен ойнауға 

рұқсат етпеңіз, өйткені бұл бөліктер тұншығу қаупін төндіруі мүмкін.

 

-

Әр пайдалану алдында сүтті сору құралында, соның ішінде, адаптерде, зақымдану белгілер 

бар-жоғын тексеріңіз. Адаптер немесе аша зақымдалған болса, дұрыс жұмыс істемесе я 

болмаса түсіріліп алынса немесе суға батса, сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.

 

-

Аэрозольдік спрей өнімдері пайдаланылатын немесе өттегі басқарылатын сыртта сүтті 

сору құралын пайдаланбаңыз.

 

-

Сүтті сору құралы ауа, оттегі немесе азоттың шала тотығы бар тұтанғыш анестетик 

қоспалар бар жерде пайдалануға жарамайды.

 

-

Сүтті сору құралының моторының ішінде пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөліктер 

жоқ. Сүтті сору құралын өзіңіз ашуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. 

Олай істесеңіз, кепілдік жарамсыз болып қалады.

 

-

Адаптер мен силикон түтіктерді қызған беттерден алыс ұстаңыз.

 

-

Адаптерді тек көрсетілген жабдықта пайдаланыңыз.

 

-

Вакуум астында болғанда, сору құралын емшектен алуға тырыспаңыз. Жабдықты өшіріп, 

емшек пен сору құралының воронкасының арасындағы байланысты саусақпен бұзыңыз. 

Сору құралын емшектен алыңыз.

 

-

Жүкті кезде сүтті сору құралын ешқашан пайдаланбаңыз, себебі сору босану процесін 

қиындатуы мүмкін.

 

-

Ұйқысырап немесе ұйқылы-ояу кезде ешқашан сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.

 

-

Сүтті сору құралын қатты ыстыққа тастамаңыз және тікелей күн сәулесі түсетін жерге қоймаңыз.

Ескерту

 

-

Сүтті сору құралы бір пайдаланушы тарапынан қайта қолдануға ғана арналған.

 

-

Қуат көзіне қосулы кезде, сүтті сору құралын қараусыз қалдырмаңыз.

 

-

Ешқандай саңылауларына басқа затты ешқашан түсірмеңіз немесе салмаңыз.

 

-

Сүтті сору құралы тиісті EMC директиваларына сай болғанымен, ол әлі де шамадан тыс 

шығарындылар шығаруы және/немесе сезімталдығы жоғарырақ жабдыққа кедергі жасауы мүмкін.

 

-

Басқа өндірушілердің ешқандай жабдықтарын немесе бөліктерін немесе Philips AVENT 

арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай 

жабдықтарды немесе бөліктерді қолданған болсаңыз, онда кепілдігіңіз жарамсыз болады.

 

-

Әр пайдалану алдында мотор, түтік, қақпақ және адаптерден басқа сору құралының бүкіл 

бөліктерін тазалаңыз, шайыңыз және зарарсыздандырыңыз.

 

-

Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз, өйткені 

бұл осы бөліктерді қалпына келтіру мүмкіндігінсіз зақымдайды.

ҚазаҚша

54


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru