PHILIPS Avent Natural SCF332/01 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 53


Инструкция PHILIPS Avent Natural SCF332/01 для устройства молокоотсос электронный содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.69 MB. Состоит из 136 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

53

Кіріспе

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз! 

Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome 

сайтында тіркеңіз.

Philips AVENT сүтті сору құралында сауу кезінде ыңғайлырақ күйде отыруға мүмкіндік беретін 

бірегей дизайны бар. Жұмсақ массаждық жастық* жұмсақ және жылы сезінуге арналған және 

тез сүт ағынын қамтамасыз ету үшін сәбиіңіздің сору әрекетін имитациялайды — ыңғайлы және 

жай. Сүтті сору құралы жай режимде іске қосылады, бұл сүт ағынын стимуляциялауға 

көмектеседі. Содан кейін жеке ыңғайлылығыңызға қарай үш сору режимінің бірін таңдауға 

болады. Сору құралын жинау және пайдалану оңай, емшек сүтіне тиетін бүкіл бөліктерді ыдыс 

жуу машинасында жууға болады. 

Денсаулық сақтау мамандары емшек сүтінің балалар үшін бірінші 6 айдан кейін бүтін тағаммен 

біріктіргенде бірінші жылы өте жақсы тағам екендігін айтады. Емшек сүті бала қажеттілігі үшін 

арнайы түрде бейімделген және құрамында инфекция мен аллергиядан қорғауға көмектесетін 

антибиотиктер бар. 

Сүтті сору құралы сізге ұзағырақ емізуге мүмкіндік береді. Өзіңіз емізе алмайтын уақытта да, 

балаңыз сүтіңізді еме алуы үшін, сүтті сауып, сақтауға болады. Сүтті сору құралы ықшам әрі 

пайдалану үшін бөлек, оны кез келген жерге өзіңізбен бірге алып шығуға, осылайша сүт қорын 

сақтай отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүтті саууға болады.

*Осы сүтті сору құралымен берілген жастық көптеген аналарға шақ келетіндей етіп әзірленген. 

Дегенмен, үлкенірек емізіктер үшін қажет болғанда жастықты бөлек сатып алу керек.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1  Силикон түтік пен қақпақ бар мотор*

2  Силикон диафрагма*

3  Сору құралының негізгі бөлігі*

4  Массаждық жастық*

5  Қақпақ*

6  Батарея бөлімі (SCF332 ғана)

7  Қосу/өшіру түймесі

8  Стимуляциялау түймесі

9  Төмен сору түймесі

10  Орташа сору түймесі

11  Терең сору түймесі

12  Адаптер

13  Ақ клапан*

14  Philips AVENT Natural бөтелкесі*

15  Қақпақ*

16  Бұранда сақинасы*

17  Емізік*

18  Тығыздағыш диск*

*Ескертпе: SCF334 моделі екі белгіленген бөлік түрінде келеді, моторды қоспағанда.

ҚазаҚша


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru