•
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
•
Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз
(егер бар болса). Орнату тарауын қараңыз.
•
Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін
қолданылатын есігі ашық болуға тиіс (егер болса).
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Зақым
келген электр сымын ауыстырту
үшін қызмет көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе
зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
ҚАЗАҚ
23