Пісіру тақтасының орналасуы
2
1
3
4
1
Жартылай жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Қосымша оттық
4
Жылдам оттық
Керек-жарақтар
• Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
• Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан ретінде
пайдаланылады.
• Сақтау бөлігі
Пеш қуысынан төмен сақтау бөлігі
орналасқан.
Бөлікті қолдану үшін төмендегі алдыңғы
есігін көтеріп, одан кейін оны төмен
басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі
және сыртқы орам материалдарының
барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
• Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар құрылғының
бетін бүлдіруі мүмкін. "Күтім көрсету және
тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы желдетілетініне
көз жеткізіңіз.
6