SAMSUNG MS23A7013AT инструкция по эксплуатации онлайн - страница 46


Инструкция SAMSUNG MS23A7013AT для устройства микроволновая печь содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 3.05 MB. Состоит из 80 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

6

 Қазақ

Қауіпсіздік нұсқау

лары

Қауіпсіздік нұсқаулары

Балалар есікке соғылып қалуы немесе саусақтарын қыстырып алуы мүмкін. Есікті ашып/
жапқанда, балаларды алыс ұстаңыз.

Микротолқынға қатысты ескерту

Сусындарды микротолқынмен қыздырғанда кенет тасып төгілуі мүмкін, сондықтан сауытты 
әрқашан абайлап ұстау керек. Сусындарды әрқашан 20 секунд қоя тұрғаннан кейін алыңыз. 
Қажет болса, қыздыру барысында араластырыңыз. Қыздырып болғаннан кейін әрқашан 
араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі алғашқы жәрдем нұсқауларын орындаңыз:

1. 

Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.

2. 

Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.

3. 

Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.

Науаға немесе торға зақым келтірмеу үшін тағам пісіріп болғаннан кейін суға дереу салмаңыз.
Пешті тағамды майға батырып қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі, май температурасын бақылау 
мүмкін емес. Нәтижесінде ыстық май тасып төгілуі мүмкін.

Микротолқынды пешке қатысты сақтық шаралары

Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Темір сауыттардың ешқайсысын, 
жиектері алтын немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын, істікті т.б. ешқашан қолданбаңыз. 
Темір бауларын алыңыз. Электр тоғы ұшқындауы мүмкін.
Пешті қағаз немесе киім кептіру үшін қолданбаңыз.
Аз тағам қатты ысып және күйіп кетпес үшін қысқа уақытты қолданыңыз.
Қуат сымы немесе ашасын су немесе қызу көздерінен алыс ұстаңыз.
Жарылыс қаупін болдырмау үшін қабығы бар жұмыртқаларды немесе бітеу пісірілген 
жұмыртқаларды қыздырмаңыз. Тұмшаланып жабылған немесе вакуум сауыттарды, 
жаңғақтарды, қызанақтарды т.б. қыздырмаңыз.
Желдеткіш саңылауларды киіммен немесе қағазбен бітемеңіз. Өрт шығу қаупі бар. Пеш қатты 
қызып кетіп, автоматты түрде сөніп, әбден суығанша сөнген қалпы тұруы мүмкін.
Тағамды пештен алғанда әрқашан пешке арналған қолғапты қолданыңыз.
Сұйық заттарды қыздырудың орта тұсына келгенде немесе қыздырып болғаннан кейін 
араластырыңыз және қыздырып болғаннан кейін кенет тасып кетпес үшін 20 секунд қоя тұрыңыз.
Пештің есігін ашқан кезде, ыстық ауа немесе буға күйіп қалмас үшін қолдың ұзындығындай 
жерде алыс тұрыңыз.
Бос тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік мақсатында пеш автоматты түрде 30 минутқа сөнеді. 
Пеш кенет іске қосылып кетсе микротолқын қуатын сіңіру үшін оның ішіне әрқашан бір стакан су 
қойып қоюды ұсынамыз.
Пешті осы нұсқаулықта берілген қашықтықтарды сақтап орнатыңыз. (Микротолқынды пешті 
орнату тарауын қараңыз).
Пештің қасында орналасқан розеткаларға басқа электр құрылғыларын қосқан кезде абай 
болыңыз.

Simple manual_MS23A7013AL_BW_DE68-000000-00_KK_13012021.indd   6

Simple manual_MS23A7013AL_BW_DE68-000000-00_KK_13012021.indd   6

1/27/2021   6:55:22 PM

1/27/2021   6:55:22 PM


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru