32
KZ
Бекіту
Құрылғыны өте тегіс тіреуіш бетке
орнату қажет.
Дұрыс бекітпеу салдарынан туындаған кез келген
деформациялар плитаның мүмкіндіктері мен
жұмысына әсер етуі мүмкін.
Бекіту ілмектеріне бұралатын бұрандалардың
ұзындығын таңдаған кезде тіреуіш
беттің қалыңдығын
ескеру қажет:
• 30 мм болса: 17,5 мм бұрандалар
• 40 мм болса: 7,5 мм бұрандалар
Плитаны төмендегідей бекітіңіз:
1. Плитаның әр бір жағының ортасындағы тесіктерге
4 туралау серіппелерін бекіту үшін қысқа, ұшы тегіс
бұрандаларды қолданыңыз.
2. Плитаны қуысқа орналастырып, ол дәл ортада
тұрғанына көз жеткізіңіз де, плита тіреуіш бетке
бекітілгенше бар жағынан басыңыз.
3. Шеттері көтеріңкі плиталар үшін: Плитаны қуысына
кіргізгеннен кейін, 4 бекіту ілмектерін (әрбірінің өз
шегесі бар) плитаның төменгі жиектеріне кіргізіп,
шыны тіреуіш бетке орныққанша, оларды ұзын әрі
ұштары үшкір бұрандалармен орындарына бекітіңіз.
!
Туралау серіппелерінің бұрандаларына қол жеткізу
мүмкін болуы тиіс.
!
Қауіпсіздік стандарттарын орындау үшін,
орнатылғаннан кейін құрылғы электр бөліктерге
тимеуі тиіс.
!
Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынатындай болуы тиіс.
Токқа жалғау
!
Қауіпсіздік себептеріне сәйкес және пешті алу оңай
болуы үшін плитаны және кез келген ендірілген
пешті токқа жалғау бөлеу жасалуы керек.
Контактілер тақтасы
Құрылғының астыңғы жағында әртүрлі ток
желілеріне арналған жалғау қорабы бар (сурет тек
нұсқау ретінде берілген және сатып алынған үлгінің
дәл суреті емес).
Бір фазалық қосылым
Плитада алдын ала жалғанған ток кабелі бар, ол бір
фазалық қосылымға арналған. Сымдарды төмендегі кесте
мен сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
Электр кабелі
Сымдарды жалғау
230-240
В
1+N ~
220-240
В
1+N ~
50/60
Гц
:
сары
/
жасыл
N
:
екі
көк
сым
бірге
L
:
қоңыр
мен
қара
бірге
Қосылымдардың басқа түрлері
Ток желісі төмендегілердің біріне сәйкес келсе:
Кернеу мен электр желісінің жиілігі
• 400 В - 2+N ~ 50/60 Гц
• 220-240 В 3 ~ 50/60 Гц
• 230-240 В 3 ~ 50/60 Гц
• 400 В - 2+2N ~ 50/60 Гц
Сымдарды бөліп, оларды төмендегі кесте мен
сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
Электр кабелі
Сымдарды жалғау
400 В - 2+N ~
50/60 Гц
230-240 В 3 ~
220-240 В 3 ~
50/60 Гц
: сары/жасыл;
N: екі көк сым бірге
L1: қара
L2: қоңыр
400 В - 2+2N ~
50/60 Гц
: сары/жасыл;
N1: көк
N2: көк
L1: қара
L2: қоңыр
Ток желісі төмендегілердің біріне сәйкес келсе:
Кернеу мен электр желісінің жиілігі
• 400 В 3 - N ~ 50/60 Гц
былай істеңіз:
!
Бірге берілетін кабель орнатудың мына түрлеріне
жарамайды.
1. Тиісті ток кабелін қолданыңыз, H05RR-F немесе
одан жоғары, өлшемдері дұрыс (кабельдің көлденең
қимасы: 25 мм).
2. Контактілер тақтасын ашу үшін қақпақтың шеткі
ілмектеріне бұрағыш салып көтеріңіз (
Контактілер
тақтасының суретін қараңыз
).
3. Қажетті қосылым түріне сәйкес кабельдің
қыспа бұрандасы мен контактілер тақтасының
бұрандаларын босатып, жалғау тіректерін
төмендегі кесте мен сызбаларда көрсетілгендей
орналастырыңыз.
4. Төмендегі кесте мен сызбаларда берілген
мәліметке сәйкес сымдарды орналастырып,
серіппелердің барлық бұрандаларын мүмкін
болғанша мықтап қатайту арқылы құрылғыны
қосыңыз.
UNDERSIDE OF HOB