PANASONIC KX-DT543RU инструкция по эксплуатации онлайн - страница 31


Инструкция PANASONIC KX-DT543RU для устройства телефон проводной содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.66 MB. Состоит из 52 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

Қабырғаға орнату

R

Құрылғы бекітілетін қабырғаның құрылғыны тіреу үшін күші жеткілікті
екендігіне көз жеткізіңіз (шамамен 2,0 кг (kg)).

R

Құрылғымен бірге тек қосымша қабырғаға орнату жинағын
пайдаланыңыз. Қабырғаға орнату жинағы қажетті бұрандаларды,
шайбаларды жəне қабырғаға орнату адаптерін қамтиды.

R

Бұрандаларды қабырғаға енгізген кезде, қабырғадағы ешқандай металл
тақтайшаларға, сым тақтайшаларына не металл тақталарға тимеңіз.

R

Осы құрылғыны одан ары пайдаланбайтын болсаңыз, оны қабырғадан
бөлшектеңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Жеңіл жарақат немесе құрылғының не басқа
жабдықтың зақымдалуына əкелетін қауіпті
білдіреді.

R

Құрылғыны флуоресцентті лампалар, моторлар мен теледидар сияқты
электр шуды шығаратын жылыту жабдықтары мен құрылғыларынан
ары ұстаңыз. Шу көздері құрылғының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ оны температурасы 0 °C төмен немесе 40 °C жоғары
болатын бөлмелерге қоюға болмайды.

R

Құрылғыны жұмсақ матамен сүртіңіз. Құрылғыны тегістегіш ұнтақ
немесе бензин не еріткіш сияқты химиялық заттармен тазаламаңыз.

R

Телефон тұтқасының ілгегі шок алу қаупін төндіреді. Телефон
тұтқасының ілгегін балалардан аулақ ұстаңыз.

R

Қосқыштардың зақымдалуына жол бермеу үшін пайдалану барысында
құлаққаптың бос аралығы бар екендігіне жəне тығыз тартылмағанына
көз жеткізіңіз.

R

Құрылғыларды EHS тесігіне не құлаққап тесігіне жалғау үшін
пайдаланылған сымдардың ұзындығы 3 м (m) кем болуы қажет.

R

Телефонның зақымдалуын болдырмау үшін KX-DT590 (Сандық DSS
консолі) құрылғысын орнату немесе алып тастаудың алдында кеңейту
желісінің ажыратылуына көз жеткізіңіз.

R

Құрылғы қабырғаға орнатылған кезде, кабельдердің қабырғаға берік
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Ескерту:

R

Қоңырау соғуға қатысты ақаулықтар болса, кеңейту желісін ажыратып, жұмыс
істейтін телефонды қосыңыз. Жұмыс істейтін телефон дұрыс істесе, ақаулы
телефонды өкілетті Panasonic зауыттық қызмет орталығында жөндетіңіз. Жұмыс
істейтін телефон дұрыс істемесе, АТС пен ішкі кеңейту кабельдерін тексеріңіз.

R

Егер қуат іркілісі орын алса, DPT жұмыс істемеуі мүмкін. Апаттық жағдайда
қашықтағы жерлерде пайдалануға қол жетімді, жергілікті қуатқа тəуелсіз, бөлек
телефонның бар екендігіне көз жеткізіңіз.

3

Өз қауіпсіздігіңіз үшін


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru