Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Жарақат алу, өмірден айырылу, электрлік есеңгіреу, өрт тудыру жəне жабдықтың
немесе меншіктің зақымдалуын болдырмау үшін төмендегі сақтық шараларын
сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақат алуға немесе өлімге əкелетін қауіпті
білдіреді.
Жалпы қауіпсіздік
R
Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз. Қауіпті электр тогына себеп болуы
мүмкін. Құрылғыны тек білікті қызмет көрсететін маман бөлшектеуі
немесе жөндеуі тиіс.
R
Құрылғының тесіктеріне немесе басқа саңылауларына сымдар,
түйреуіштер, т.б. заттарды салмаңыз.
R
Өрт шығуына немесе электрлік есеңгіреуге жол бермеу үшін осы өнімді
жаңбыр астында немесе ылғал жерде қалдырмаңыз.
R
Егер зақым құрылғының ішкі бөлшектеріне тисе, қуат кабелін немесе
сымын дереу ажыратыңыз.
R
Бұл телефон тұтқасында магнит бар, сондықтан кішігірім темір
заттарды өзіне тартуы мүмкін.
R
Құлаққалқандар немесе құлаққаптар арқылы келетін дыбыстың деңгейі
аса жоғары болса, есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
R
Желілік адаптерден түтін, біртүрлі иіс немесе дыбыс шығарса, телефон
желісінің кабелін құрылғыдан ажыратыңыз. Бұл жағдайлар өрт шығуына
немесе электрлік есеңгіреуге əкелуі мүмкін. Түтіннің тоқтағанын
тексеріп, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орналастыру
R
Құрылғыға заттар құламайтындай жəне сұйықтықтар
шашырамайтындай сақ болу керек. Осы құрылғыға шамадан тыс түтін,
шаң, ылғал, механикалық діріл, соққы немесе тікелей күн сəулесіне
тигізбеңіз.
R
Осы құрылғының үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
R
Осы құрылғыны тегіс бетке қойыңыз.
R
Тиісті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғы айналасында 10 см (cm)
бос аралықты қалдырыңыз.
2
Өз қауіпсіздігіңіз үшін