- 31 -
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазартудың және техникалық қызмет көрсетудің алдында, құрылғыны
әрқашан қуаттандыру көзінен ажыратыңыз.
Сөрені алу
• Шарапқа арналған тоңазытқыштың сөрелерін алу үшін, алдымен
барлық бөтелкелерді алып тастаңыз, содан соң сөренің екі
жағындағы ойықтар камераның екі жағындағы пластикті
тілшіктерге сай келмейінше (5-суретте көрсетілгендей), сөрені
алға қарай тартыңыз. Содан кейін сөрені жоғары және алға қарай
көтеріңіз.
• Сөрені салу үшін, кері тәртіпке сай әрекет етіңіз.
Тазарту
• Абразивті тазартқыш құралдар мен жуғыш құралдарды
қолданбаңыз. Жуып болғаннан кейін, шайып, жақсылап
құрғатыңыз.
• Құрылғы корпусын және есік нығыздағыштарын сумен және
жұмсақ жуғыш құралдың көмегімен тазартып, жуып болғаннан
кейін жақсылап құрғатыңыз.
• Құрылғының ішкі бөлігін жылы суда сода ерітіндісімен тазартыңыз.
• Сөрелерді сумен және тазартқыш құралмен бөлек жуыңыз.
Сөрелерді ыдыс-аяқ жуғыш машинаға қоймаңыз.
• Басқару тақтасы мен электрлік бөлшектерді ылғал матамен сүртіп,
құрылғыны қуаттандыру көзіне қосудың алдында жақсылап
құрғатыңыз.
• Құрылғыны жуып болғаннан кейін қуаттандыру көзіне қосыңыз.
• Құрылғы ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, оны
қуаттандыру көзінен ажыратып, жақсылап жуыңыз. Иістің
шығуына немесе судың конденсациялануына жол бермеу үшін,
есікті ашық қалдырыңыз.
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
Қандай да бір қиындықтар туындаса, сервистік қызметті шақырудың
алдында, оны босқа шақырмас үшін және қызмет көрсетуге
қаражат жұмсамау үшін өз-өзіңізге көмектесу жөніндегі кеңестерді
қолданыңыз.