23
ҚазаҚша
орнатыңыз, қақпақты (9) жабыңыз және
бушығарғыш қақпағын (5) орнына орнатыңыз.
Тостағанды (8) пайдалану ережелері
• Мультипісіргішті және оның бөлшектерін қатаң
міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Тағамдарды пісіруге арналған тостағанды (8)
басқа қыздырғыш аспаптармен немесе беттер-
мен пайдалануға тыйым салынады.
• Тостағанды (8) басқа ыдыспен алмастырмаңыз.
• Қыздырғыштың беті (14) және тостаған (8) түбі
әрқашан таза болуын қадағалаңыз.
• Тостағанды (8) тағамдарды араластыруға
арналған ыдыс ретінде пайдаланбаңыз. Күюге
қарсы қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін
ешқашан тағамдарды тікелей тостағанның (8)
ішінде ұсақтамаңыз.
• Ешқашан тостағанда (8) қандай да бір бөтен
заттарды қалдырмаңыз және сақтамаңыз.
• Тостағандағы (8) тағамдарды тек пластик
ожаумен (17) немесе қалақпен (16) ғана
араластырыңыз. Сонымен қатар ағаш, пластик
немесе силикон жабдықтарды пайдаланыңыз.
• Тостағанның (8) күюге қарсы қабатын бүлдіре
алатын металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Дәмдеуіштері бар тағамдарды пісіріп болғаннан
кейін тостағанды (8) дереу жуу керек.
• Тағамдарды пісіріп болғаннан кейін, күюге
қарсы қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін,
тостағанды (8) бірден суық судың асты-
на салмаңыз, оған әуелі салықндауға уақыт
беріңіз.
• Тостаған (8) ыдыс жуатын машинада жууға
арналмаған.
Басқару тақтасының (2) батырмалары
«Ысыту» батырмасы (22)
Тағамдарды пісіру бағдарламасы аяқталғаннан
кейін «Ысыту» режимі іске қосылады. Сіз өз
бетіңізбен «Ысыту» батырмасына (22) басып,
піскен тағамдарды ысыту режимін іске қоса
аласыз, сол кезде көрсеткіш (23) жанады. Ысыту
режимін сөндіру үшін «Болдырмау» батырмасын
(24) басыңыз, «Ысыту» режимі сөнеді, және
көрсеткіш (23) өшеді.
Ескерту: -«Ысыту» жұмыс режимі салқын
тағамдарды жылыту үшін арналмаған.
«Болдырмау» батырмасы (24)
«Болдырмау» батырмасы (24) дұрыс таңдалмаған
пісіру бағдарламаларын лақтыру және жұмыс
істеп тұрған бағдарламаларды сөндіру үшін
арналған. «Болддырмау» батырмасын (24)
басыңыз, сол кезде бұған дейін белгіленген
пісіру бағдарламасы сөнеді және «Сүтті ботқа»
бағдарламасының көрсеткіші жанып-сөнеді.
«Кейінге қалдырылған старт» батырмасы (25)
«Кейінге қалдырылған старт» батырмасы (25)
тағамдарды пісіру бағдарламасы аяқталатын
уақыт режимін іске қосу үшін пайдаланылады.
Уақытты белгілеу батырмалармен (27) және (28)
жүзеге асырылады.
«Сағаттар» (27) және «Минуттар (28)
батырмалары
Батырмалар (27, 28) бағдарламалардағы пісіру
уақытын өзгерту және пісіру процесі аяқталатын
уақытты белгілеу үшін пайдаланылады.
«Таймер» батырмасы (29)
Тағамдарды пісіру уақытын өзгерту үшін «Таймер»
батырмасын (29) басыңыз, сол кезде дисплейде
(3) «Таймер» жазуы және шартты белгіленген
пісіру уақытының жанып-сөнетін мәндері пайда
болады. Тағамдарды пісірудің қажетті уақытын
белгілеу үшін «Сағаттар» (27) және «Минуттар
(28) батырмаларын пайдаланыңыз (кестені қар.).
«Мәзір» батырмасы (30)
«Мәзір» батырмасын (30) қайталап басып
пісірудің бір бағдарламасын таңдаңыз: Сүтті
ботқа, Бұқтыру, Көже, Буға пісіру, Пісіру, Нан
пісіру, Жармалар, Нан. Пісіру бағдарламасының
таңдалуы дисплейде (3) жанатын сәйкес
көрсеткішпен расталады, дисплейде (3) сонымен
қатар «- - - -» белгішелері, «Старт» батырмасының
(31) көрсеткіші (32) жанып-сөнеді.
Қажет болғанда пісіру уақытын қолмен белгілеуге
болады (кестені қар.).
Бағдарлама Бағдарламаның
жұмысының
мүмкін уақыты
(Сағатпен)
Бағдарламаның
шартты
белгіленген
уақыты (сағатпен)
Сүтті ботқа
0:05 – 1:30
0:10
Бұқтыру
0:
2
0 – 12:00
1:00
Көже
1:00 - 8:00
1:00
Буға пісіру
0:05 –
2
:00
0:15
Пісіру
0:05 –
2
:00
0:40
Нан пісіру
1:00 – 8:00
1:00
Жармалар
0:05 – 4:00
0:35
Нан
1:00 – 6:00
5:00
«Старт» батырмасы (31)
Таңдалған пісіру бағдарламасын іске қосу
үшін «Старт» батырмасын (31) басыңыз, сол
кезде дисплейде (3) бағдарламаның шартты
белгіленген жұмыс істеу ұзақтығы көрсетіледі,
сол кездекөрсеткіш (32) тұрақты жанып тұрады.
Пісіру бағдарламасын сөндіру үшін «Бодырмау»
батырмасын (24) басыңыз, сол кекзде көрсеткіш
(32) сөнеді, ал дисплейде (3) «Сүтті ботқа»
бағдарламасының көрсеткіші жанып-сөнеді.
MW-3802_IM.indd 23
09.01.2013 14:13:37