2.3
Орнату орны
Пайдалануды бастамас
бұрын мұздатқыш
камераның ішінде
орналасқан төменгі
жастықтарды, кеуекті
материалдан және
таспадан жасалған
жастықтарды қоса
алғанда, барлық орау
материалын шығарып
алыңыз, мұздатқыш
камераның есігі мен
корпусынан қорғаныс
үлдірін шешіп алыңыз.
Мұздатқыш камераны
жылу көздерінен және
тікелей жарық
сәулесінен алыс жерге
орналастыру керек.
Мұздатқыш камераны су
шашырандылары
түсулері мүмкін ылғалды
жерлерге орнатпаңыз,
себебі бұл
тоңазытқыштың электр
оқшаулау қасиеттеріне
теріс әсер етеді.
Мұздатқыш камера жақсы
желдетілетін үй-жайда
орналастыру керек, еден
тегіс және берік болуы тиіс.
Мұздатқыш камераның
үстіңгі бетінен төбеге дейінгі
қашықтық 70 см кем
болмауы тиіс және
мұздатқыш камерадан
жылуды тиісті түрде бөлу
үшін камера мен
қабырғалардың арасындағы
қашықтық 20 см кем
болмауы тиіс.
2.4
Мұздатқыш камераны қосу
•
Мұздатқыш камераны бірінші іске қосар алдында кемінде жарты
сағат үй-жайда ұстаңыз.
•
Балғын немесе мұздатылған өнімдерді салар алдында
мұздатқыш камера ауа температурасы жоғары болғанда, жазғы
уақытта кемінде 2-3 сағат немесе кемінде 4 сағат жұмыс істеуі
тиіс.
2.5
Энергияны үнемдеу
•
Бұл аспап жылу немесе жылу өткізгіш арналарды бөлетін аспаптардан алыс, үй-жайдың ең
салқын жерінде орналасуы және тікелей күн сәулесінің астында болмауы тиіс.
•
Ыстық тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындату үшін қойып қою керек, содан кейін
ғана тоңазытқышқа салу керек. Аспапты шамадан тыс жүктеу кезінде компрессор ұзақ жұмыс
істеуі тиіс. Тым баяу мұздату кезінде өнімдер сапасы мен дәмін жоғалтады.
•
Өнімдерді тиісті түрде буып-түю керек, ал сүртілген контейнерлерді алдымен кептіру керек, содан
кейін камераға салу керек. Осылайша, камераның ішінде қырау аз пайда болады.
•
Камераның сөрелері мен жәшіктерін алюминий фольгамен, парафинді қағазбен немесе қағаз
майлықтармен қаптауға болмайды. Мұндай жабындар суық ауа циркуляциясына әсер етеді және
аспап аз тиімді жұмыс істейді.
•
Есіктің ашылу уақыты мен іздеу уақытын азайту үшін өнімдерді таңбалау және оларды
орналастыру қажет. Камерадан барлық қажетті өнімдерді бір рет алып, есікті мүмкіндігінше
тезірек жабу керек.
2