www.smile.su
22
KAZ
• Аспапты барлық қаптама материалдан босатыңыз.
• Электр сымды толығымен тарқатыңыз.
• Тұтқа бекітішті жоғары қарай тартып, аспапты ашыңыз.
• Тілімшелерді күйіп кетуден сақтайтын қабаттарын ылғалды матамен
немесе жұмсақ ысқышпен тазартып, кейіннен әбден кептіре сүртіңіз.
• «Аспаптың тілімшелерін тазарту» бөлімінде суреттелгендей
тілікшелерді аспапқа салыңыз.
• Жұмыс беттерін күйіп кетуден сақтайтын қабаттарына аздап өсімдік
майын жағып, бірқалыпты жайыңыз. Жұмыс қабаттарындағы майдың
артығын қағаз сүлделермен сүртіп алыңыз.
• Тұтқа бекіткіштерді «тырс» еткен дыбыс шыққанша басып, аспапты
жабыңыз.Оны 5-10 минутқа желіге қосыңыз, содан кейін аспап
пайдалануға дайын болады.
Бұл аспапты 2 қалыпта пайдалануға болады:
1) Жабық түрінде- тағамдар екі жағынан да қуырылады.
2) Ашық түрінде, бұл аспапты пайдаланудың тиімді көлемін ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тағамның тек бір жағы дайындалып,
сосын екінші жағына аударылады.
• Тілімшелерді алмастырмас бұрын аспаптың желіден ажыратылғанына
көзіңізді жеткізіңіз.
Алғашқы рет
пайдаланар алдында
Аспапты пайдалану
мүмкіндіктері
Аспаптың тілімшелерін
алмастыру