22
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
●
Шағын асхана құралдарының және сымдардың қызып тұрған үрмепешпен және оның ас пісіретін
бетімен жанаспауын қадағалау қажет, өйткені осы құралдың оқшаулануы жоғарғы температураға
есептелінбеген.
●
Қуыру барысында үрмепешті қараусыз қалдыруға болмайды. Майлар қайнаудың немесе қызып
кетудің салдарынан жануы мүмкін.
●
Үрмепештің ашық тұрған есігіне салмағы 15 кг-дан артық ыдысты қоймаңыз.
●
Есіктің әйнегін тазалау үшін қатқыл тазалағыш құралдарды немесе істік заттарды қолданбаңыз,
олар сыртқы қабатты тырнауы және әйнекте сызаттың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
●
Техникалық ақауы бар үрмепешті пайдалануға болмайды. Барлық ақаулар тек білікті қызметкерлер
құрамымен жойылуы қажет.
●
Техникалық бұзылудың кез келген жағдайында үрмепештің электр қорегін тез арада ажыратыңыз
және жөндеу қажеттілігі туралы хабарлаңыз.
●
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары мен басшылықтарын мүлтіксіз орындаңыз. Оның мазмұнымен
таныспаған тұлғаларды пайдалануға жақындатпаңыз.