HOTPOINT-ARISTON RSD 82389 DX инструкция по эксплуатации онлайн - страница 20


Инструкция HOTPOINT-ARISTON RSD 82389 DX для устройства стиральная машина содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.01 MB. Состоит из 24 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

20

KZ

Жуу циклын іске қосу

1. 

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ.

   түймесін басыңыз; 

дисплейде «

HOTPOINT

» мәтіні пайда болады және 

БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл 

түспен баяу жыпылықтайды.

2. 

КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ.

 Есікті ашыңыз. Келесі 

беттегі бағдарламалардың кестесінде көрсетілген 

ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар аударып, 

кірлерді салыңыз.

3. 

ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. 

Жуғыш зат тартпасын 

ашып, 

«Жуғыш заттар мен кірлер»

 тарауында 

айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке 

салыңыз.

4. 

ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.

5. 

ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ.

 Қажетті жуу циклын 

таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын 

қолданыңыз. Әрбір жуу циклы үшін температура 

мен сығу жылдамдығы орнатылған; оларды реттеуге 

болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.

6. 

ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. 

Тиісті түймелерді 

қолданыңыз:

 

Температура және/немесе сығу жылдамдығын 

өзгерту.

Құрылғы таңдалған жуу циклы үшін 

орнатылған ең жоғары температура мен сығу 

жылдамдығын автоматты түрде таңдайды; сондықтан, 

бұл мәндерді арттыру мүмкін емес.  түймесін басу 

арқылы температураны суық сумен жуу циклының 

(дисплейде “--” таңбасы көрсетіледі) параметріне 

жеткенше төмендетуге болады.   түймесін басу 

арқылы сығу жылдамдығын толығымен өшірілгенше, 

біртіндеп төмендетуге болады (дисплейде “--” 

таңбасы көрсетіледі). Бұл түймелер тағыда басылса, 

ең жоғарғы мәндер қалпына келеді.

 

!

 Қиыс жағдай 2 бағдарламасы таңдалса, 

температураны 40°C-қа дейін көтеруге болады. 

!

 

Қиыс жағдай 3 бағдарламасы таңдалса, 

температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады. 

!

 

Қиыс жағдай 4 бағдарламасы таңдалса, 

температураны 60°C-қа дейін көтеруге болады.

Кешіктіріп бастауды орнату.

Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды орнату 

үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше 

тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау 

функциясын алып тастау үшін дисплейде “

-- h

” мәтіні 

көрсетілгенше түймені басыңыз.

Шаю түрін орнату.

 опциясы сезімтал теріні қорғау үшін қажетті 

шаю түрін таңдауға мүмкіндік береді. 

“Extra +1”

 

(Қосымша шаю) дәрежесін таңдау үшін түймені 

бір рет басыңыз, ол стандартты циклдың шаюына 

қоса қосымша шаюды таңдауға және жуғыш 

заттың барлық қалдықтарын жоюға мүмкіндік 

береді. 

“Extra +2”

 (Сезімтал тері) дәрежесін 

орнату үшін түймені тағы бір рет басыңыз, ол 

стандартты циклдың шаюына қоса қосымша екі 

шаюды таңдауға мүмкіндік береді; ол өте сезімтал 

теріге қолданылуға ұсынылады. Түйме үшінші рет 

басылған кезде, 

“Extra +3”

 деңгейі орнатылады, 

сөйтіп стандартты цикл шаюына қоса 3 шаю циклын 

таңдау мүмкін болады. 40 °С температурасындағы 

циклдар іске қосқан опция тозаң, мысық не ит 

қылдары сияқты негізгі аллергендерді кетіруге 

мүмкіндік береді. Температурасы 40 °С-тан асатын 

циклдар қолданылғанда, аллергия қарсы қорғаудың 

жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі. “

Normal Rinse

” 

(Қалыпты) шаю түріне оралу үшін түймені тағы бір 

рет басыңыз. Ағымдағы параметрді орнату немесе 

өзгерту мүмкін болмаса, дисплейде “

No Selection

” 

(Таңдау мүмкін емес) немесе “

No Change

” (жоқ 

өзгерту) мәтіні көрсетіледі.

Цикл параметрлерін өзгерту.

•  Функцияны қосу үшін түймені басыңыз; 

дисплейдегі тиісті индикатор шамы жанады.

•  Функцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет 

басыңыз; дисплейдегі тиісті индикатор шамы 

сөнеді.

!

 

Таңдалған функция орнатылған бағдарламамен 

үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы күңгірт 

болып жанады; оған қоса үйлесімді емес екенін 

білдіру үшін сигнал беріліп (3 рет), дисплейде «

No 

Selection

» (Таңдау мүмкін емес) жазуы көрсетіледі.

!

 

Таңдалған функция бұрын орнатылған басқа 

функциямен үйлесімді болмаса, дисплейде «

No 

Selection

» (Таңдау мүмкін емес) жазуы көрсетіледі, 

ал функция қосылмайды.

!

 

Функциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе 

циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.

7. 

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ.

 БАСТАУ/ТОҚТАТА 

ТҰРУ түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы 

жасыл түспен қалыпты түрде жанып тұрады және 

есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ

 

таңбасы 

жанады). Жуу циклының барысында, орындалып 

жатқан кезең аты дисплейде көрсетіледі. Орындалып 

жатқан жуу циклын өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА 

ТҰРУ түймесінің көмегімен кір жуғыш машинаны 

тоқтатып қойыңыз (БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор 

шамы қызғылт сары түспен баяу жыпылықтайды); 

одан кейін қажетті циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА 

ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз. Цикл орындалып 

жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ 

түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ

 

таңбасы 

өшсе, есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған 

жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ 

түймесін тағы бір рет басыңыз.

8. 

ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ.

 Мұны дисплейдегі «END 

OF CYCLE» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ 

 

таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті 

ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.

!

 Басталып қойған циклды доғару қажет болса, 

түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады 

және құрылғы өшеді.

Direct Injection

Кір жуғыш машина «Direct Injection» деп аталатын 

инновациялық технологиямен жабдықталған. Ол су мен 

жуғыш затты алдын ала араластыру арқасында жуғыш 

заттың тазалау мүмкіндіктерін дереу іске қосады. Осы 

белсенді эмульсия кір жуғыш машинаның барабанына 

тікелей енгізіліп, бұйымдардың талшықтарына тиімдірек 

еніп, түстер мен маталарға зақым келтірмей, тіпті төмен 

температураларда қатты кірленген киімдерді тазалайды.

“Power” (Эффективность) режимі ең жақсы тазалау 

өнімділігін қамтамасыз етеді, ал “EcoEnergy” (Экономия 

Энергии) режимі қуат үнемдеуге мүмкіндік береді.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru