22
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Ойдағыдай жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш
заттың дұрыс мөлшеріне де байланысты болады:
тым көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
!
Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз;; олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш қосындыны
төмендегідей салыңыз.
!
Ортаңғы бөлікке жуғыш
зат салмаңыз (*).
1-бөлік: Жуғыш зат
(ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш зат
пайдаланылса, дұрыс мөлшерлеу үшін ауыстырмалы
пластикалық
А
өлшеу бөлігін қолданған жөн. Ұнтақ
жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті
B
ұясына қойыңыз.
2-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
Қосымша 4-бөлік: Ағартқышh
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
•
«Жуу циклдарының кестесі»
атты кестедегі
мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің
құрғақ кездегі салмағы берілген.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы жуу циклдары
Дақтарды кетіру Power 20°C:
бұл бағдарлама алдын
ала өңдемей-ақ төмен температураларда маталар
мен түстерге зақым келтірмей дақтарды кетіру үшін
ең тиімді бағдарлама.
Дақтарды кетіру Turbo 45’:
бұл цикл тіпті 20 °С 45
минуттың ішінде-ақ дақтардың керемет кетірілуін
қамтамасыз етеді. Бұл циклдің температурасын 40 °С
дейін көтеруге болады.
Нәзік киімдер:
Асыл тас немесе жарқылдақтар
тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін
7
бағдарламасын
қолданыңыз.
Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қарату
және кіші заттарды арнайы нәзік киімдерді жууға
арналған сөмкеге салу жөн. Ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Жүн
- Woolmark Apparel Care - Green:
Осы құрылғының «Жүн» жуу циклы киім
жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір
жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау
шартымен, The Woolmark Company тарапынан
«қолмен жуу» деп белгіленген жүн киімдерін жууға
расталған.
Сәби циклы:
Бұл жуу циклын сәбилердің нәзік терісі
аллергиялық реакция бермеуі үшін жаялықтардан
барлық жуғыш зат қалдықтары шығарылатынын
қамтамасыз ете отырып, сәбилердің киімінде әдетте
болатын ластануды жою үшін қолданылады. Цикл
10
суды көбірек мөлшерде қолдану және жуғыш затқа
қосылған арнайы зарарсыздандырғыш қоспалардың
әсерін оңтайландыру арқылы бактериялар мөлшерін
азайту үшін жасалған.
Антиаллергиялық:
Тозаң, кенелер немесе мысық
пен ит жүні сияқты негізгі аллергендерді жою үшін
11
бағдарламасын қолданыңыз.
Ақ жайма және сүлгі:
бұл кір жуғыш машина барлы
отбасына арналған кірді бір
12
бағдарламасымен
жууға мүмкіндік береді. Ол шайғышты пайдалануды
оңтайландырады және уақыт пен электр қуатын
үнемдейді. Кір жуғыш құралын пайдаланған дұрыс.
Жібек:
Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған
13
-программаны пайдаланыңыз. Нәзік маталарға
арналған арнайы кір жуғыш заттарды пайдалану
ұсынылады.
Перделер:
орап, қосымша беріліп отырған қалтаға
салыңыз.
13
-программаны таңдаңыз.
Пуховые көрпелер:
қаз мамығы салынған киімдерді
(мысалы, мамық курткалар) немесе жастықтарды
(жалпы салмағы
2
кг-нан аспауы тиіс) жуу үшін
арнайы
14
жуу циклын қолданыңыз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын
шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті
біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі
айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін
жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген
сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк
тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына
тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы
мен теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен
киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
MAX
1
3
2
A
B
*