Теріні тексеру
Бірінші рет өңдеу алдында, әр дене бөлігіне сәйкес
келетін қарқындылық деңгейін белгілеу үшін теріні
тексеріңіз.
1
Кішкентай ашаны құрылғы ұясына салып, адаптерді
қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
2
Қосу/өшіру/қарқындылық түймесін басыңыз. 1-ші
қарқындылық деңгейінің жарығы жанады және
құрылғыдағы желдеткіш іске қосылады.
3
Теріге тиетін бөлігін теріге қойыңыз. 1-ші
қарқындылық деңгейімен бірінші жарықты шығару
үшін жарық түймесін басыңыз.
4
Құрылғыны басқа бөлікке ауыстырып, 2-деңгейлі
жарықты жіберіңіз. Әрбір келесі жарықты
жіберуден бұрын қарқындылығын бір деңгейден
өсіріп отырыңыз. Бір жерге бір жарықтан
артық жібермеңіз. Тері түсінің ең жоғарғы
қарқындылығына қарамастан қарқындылықты
арттырмаңыз (осы тараудағы «Терінің түсі және
жарық қарқындылығы» бөлімін қараңыз).
5
қолайсыздық сезінсеңіз, қолайсыздық тудырмайтын ең
жоғарғы деңгейге қарқындылық деңгейін азайтыңыз.
6
Тексеруді тоқтатыңыз. 24 сағат күтіп, теріңізде
реакциялар болған-болмағанын тексеріңіз. Егер
теріде реакциялар болмаса, сол дененің бөлігіне
келесі жолы өңдегенде соңғы пайдаланылған
қарқындылық деңгейін пайдалануыңызға болады.
18
ҚАЗАҚША