немесе оларға ата-аналарының рұқсаты бар
адамдардың келісімімен және/немесе көмегімен
пайдалана алады. 19 жастан асқан ересектер
құралды еркін пайдалана алады.
-
Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана
қолданыңыз.
-
Егер құрал немесе адаптер зақымдалған болса,
оларды қолданбаңыз.
-
Адаптердің трансформаторы бар. Басқа
штепсельдік ұшпен алмастыру мақсатында
адаптерді кесіп тастамаңыз. Қауіпті жағдай орын
алады.
-
Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай
туғызбас үшін, оны тек түпнұсқасымен ауыстыру
керек.
-
Жарық шығару терезесінің шынысы сынған
болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Зақымдалудан сақтау
-
Желдеткіш тесіктерінен ауаның өтуіне
ештеңенің кедергі болып тұрмағанын тексеріңіз.
-
Ешқашан құралды соғып алмаңыз және оны
шайқамаңыз немесе түсіріп алмаңыз.
-
Құралды өте салқын жерден өте ыстық жерге
немесе керісінше алып кіргенде, қолданбастан
бұрын шамамен 3 сағат күтіңіз.
-
Шаң басып қалмауы үшін құрылғыны өзінің
қорабына салып сақтаңыз.
-
Құрылғыны 10°C температурасынан төмен
немесе 35°C температурасынан жоғары
жерлерге шығармаңыз.
-
Зақымдап алмау үшін құрылғыны тікелей күн
сәулесі немесе ультракүлгін жарық түсетін
жерде бірнеше сағатқа қалдырмаңыз.
-
Теріден басқа бетке жарқыл түсірмеңіз. Ол
жарық шығатын терезеге немесе тері түсінің
сенсорына қатты зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
теріге тиген кезде ғана жарқыл шығарыңыз.
ҚАЗАҚША
11