14
Тоңазытқышты еңкейткеннен кейін жұмысшы күйге келтіру үшін қажет уақытты гигиеналық
тазартуларды жүргізу үшін қолдануға болады.
• Тоңазытқыштың сыртқы және ішкі беттерін, сонымен жиынтыққа кіретін бөлшектерін жылы
сабынды суға салынған жұмсақ шүберекпен жуыңыз, таза сумен шайып, құрғата сүртіңіз.
• Жинауды жүргізгеннен кейін жиынтыққа кіретін бөлшектерді: сөрелер, ыдыстар,
тосқауылдарды орнына қойыңыз. Әр модель үшін олардың орналасу орны және жиынтығы
«Жиынтық» бөліміндегі суретте көрсетілген.
Жаңа тоңазытқыштың уақыт өте толығымен кететін өзіндік иісі бар.
• Тоңазытқышты жуу үшін жылтыратқыш пасталарды және құрамында қышқылдар
мен сілтілер жуғыш құралдарды қолданбаңыз!
Жоғарыда аталған барлық тармақтарды орындағаннан кейін – тоңазытқыш жұмысқа дайын!
• Тоңазытқышты жиілігі 50 Гц және номиналды кернеуі 220 В айнымалы тоқ желісіне қосыңыз
(тоңазытқыш 198 В бастап 242 В дейінгі желі кернеуінде қалыпты жұмыс істей алады). Аталған
параметрлерге сәйкес келмейтін желіге тоңазытқышты қосу оның істен шығуына алып келуі мүмкін.
Егер желідегі кернеу ұсынылған параметрлерге сәйкес келмесе, онда
1600 ВА
кем емес толық
іске қосу қуатына есептелген кернеу тұрақтандырғышын орнату қажет (арнайы дүкендерден сатып
алынады).
• Тоңазытқыштар электр тоғының соғуынан «1» класс қорғаныш типі бойынша шығарылады
(жермелеуші сымымен бірге), сондықтан тоңазытқыштарды жермелеуі бар электр желісіне ғана
қосыңыз. Егер розетка тоңазытқыштың желілік баусымының ашасына сәйкес келмесе, онда Сізге
розетканы орнату үшін білікті электрикті шақырту қажет (1 қорғаныш класы).
• Тоңазытқышты желіге қосқаннан кейін 4 сағаттан соң Сіз тоңазыту және мұздату
камераларына өнімдерді сала аласыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Тоңазытқышты
қосу
Өнімдерді
қашан салу
қажет?
Тоңазытқышты пайдалану алдында қауіпсіздік ережелерін орындаңыз:
• Тоңазытқышты электр желісіне қосу алдында розетканың дұрыстығын және баусымы мен
ашасы зақымдалмағандығын тексеріңіз.
• Баусымы зақымдалған жағдайда электр тоғының соғу қауіпін болдырмас үшін оны өндіруші
немесе оның агенті немесе ұқсас білікті тұлға ауыстыруы тиіс.
• Тоңазытқыш корпусына тоқ өткізетін бөліктердің қысқа тұйықталу белгілері болған жағдайда
(металл бөліктерін ұстаған кезде шымшылайды), тоңазытқышты желіден ажыратып,
бұзылуды жою үшін механикті шақырыңыз.
• Тоңазытқышты және табиғи жермелеуі бар құрылғыларды (газ плитасы, жылу радиаторлары,
су құбыры крандары) бір уақытта ұстамаңыз.
• Тоңазытқыштың іші-сыртын жинаған кезде, тоңазытқыштың астындағы еденді жуған кезде,
бұзылуларды жойған кезде тоңазытқышты сөндіріңіз.
• Бұл тоңазытқыш физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың), тек мұндай
адамдарды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам қадағалаған немесе оларға
осы тоңазытқышты қолдануға қатысты нұсқаулық берген жағдайлардан өзге кезде
қолдануына арналмаған!
• Балалардың тоңазытқышпен ойнауын болдырмас үшін балаларды қадағалап отыру
қажет!
• Тоңазыту жүйесінің контурының зақымдануын болдырмаңыз!
• Тоңазыту жүйесінің саңылаусыздығы бұзылған жағдайда бөлмені жақсылап
желдетіңіз және ашық жалынды қолданбаңыз!
• Тоңазытқыш корпусында орналасқан желдету саңылауларын бөгемеңіз!
• Мұзды жібіту процесін тездету үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық
құрылғыларды немесе басқа құралдарды қолданбаңыз!
• Өнімдерді сақтауға арналған бөліктердің ішінде егер бұл өндіруші ұсынған тип
болып табылмаса, электр құралдарды қолданбаңыз!
Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істеуі және Сізге ұзақ уақытқа дейін қызмет етуі үшін бірқатар
шектеулерді орындау қажет:
• Тоңазытқышты көлденеңінен тасымалдауға! Талаптарды орындамау компрессордың
зақымдануына алып келуі мүмкін!
• Тоңазытқышты жоғары ылғалдылығымен (ылғалмен жабылған төбе, қабырғалар
және бөлмедегі заттар), сонымен қатар тоқ өткізетін едені бар бөлмелерде қолдануға!
Тоңазытқыш – бұл бірінші кезекте электр құрал және оны жоғары ылғалдылықта
қолдану тұйықталуға немесе электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін!
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Қауіпсіздік
ережелері
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!