2
Пайдалану бойынша нұсқаулық
КІРІСПЕ
Аспапты сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Пайдалана бастар алдында нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Оның ішінде аспапты орнату, пайда-
лану жəне қолдану туралы маңызды ақпарат бар.
Аспаптың қауіпсіз жəне тиісті жұмысын қамтамасыз етуге қарау үшін нұсқаулықты ыңғайлы
жерде сақтаңыз.
Сіз осы нұсқаулық пен ескертпелерді елемеген жағдайда өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
Барлық құжаттарды ары қарай пайдалану жəне болашақ иелерге беру үшін сақтап қойыңыз.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
• Аспапты жақсы желдетілген, салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз.
• Аспап орнатылып тұрғанда мұздату камерасының айналасында тиісті желдетуді қамтамасыз
ету үшін аспап үстіндегі мен айналасындағы басқа заттарға дейін аралық кем дегенде 10 см
болуы тиіс.
• Ыстық азық-түлікті аспаптың ішіне салар алдында салқындатыңыз.
• Азық-түлікті ішке салғанда немесе шығарғанда мұздату камерасының есігін ұзақ ашық
ұстамаңыз. Есік аз уақыт ашық тұрғаннан ішінде аз мұз қалыптасатын болады.
• Мұздату камерасы ішіндегі температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.
• Желдету тесіктерін жаппаңыз.
Өндіруші дизайн, құрылымы, технологиясы,
жинақтығын алдын ала ескертпей уақыт өте
келе өзгерту құқығын өзінде қалдырады
KZ