PHILIPS Avent SCF286/03 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 42


Инструкция PHILIPS Avent SCF286/03 для устройства стерилизатор содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.38 MB. Состоит из 100 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

Қаспақты кетіру

Стерилизаторды пайдаланғанда, оның негізіндегі қыздыру элементінде кішкене дақтар пайда 

болуы мүмкін. Бұл — қаспақ. Су қатты болса, қаспақ тез жиналады. Стерилизатордың жұмысы 

нашарламас үшін, кемінде 4 аптада бір рет қаспағын тазалап отырыңыз.

 1 

 Су құйылатын ыдысқа 70 мл суық су мен 30 мл ақ сірке суын (8% сірке қышқылы) 

құйыңыз. 

 2 

 Қаспақ кеткенше, ерітінді ыдыста тұру керек.

 3 

 Ыдысты босатыңыз, жақсылап шайып, негізді дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. 

Қоршаған орта

 

,

Жұмыс мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта 

өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға 

септігін тигізеді (Cурет 12).

Кепілдік және қызмет көрсету

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips 

компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды 

қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға 

болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips 

дилеріне хабарласыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл тарауда құрал туралы жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген. Сұрағыңызға жауап 

таппасаңыз, еліңіздегі тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Сұрақ

Жауап

Неге стерилизатордағы су 

тасып, сыртқа төгіледі?

Стерилизаторға тым көп су құйылған болар. Су құйылатын 

ыдысқа 100 мл шамасынан артық су құймаңыз.

Су құйылатын ыдыста, 

себеттерде және қақпақта 

неге ақ дақтар пайда 

болады?

Қаспақтың жиналуы — қалыпты құбылыс, суы қатты аймақтарды 

тез жиналады. Құралдың қаспағын уақытымен тазалап отырыңыз 

(«Қаспақты кетіру» тарауын қараңыз).

Неліктен қақпақтың 

астынан көп бу шығады? 

Қақпақ себетке дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

Неліктен стерилдеу 

уақыты тым ұзақ?

Стерилизаторға тым көп су құйылған болар («Құралды 

пайдалану» тарауын қараңыз). Стерилдеу уақыты себетке 

салынған заттар мен пайдаланылатын себеттер санына 

байланысты.

Неліктен стерилдеу 

уақыты тым қысқа?

Стерилизаторға тым аз су құйылған болар («Құралды 

пайдалану» тарауын қараңыз).

Құралды ток көзіне 

қосқанда, неге ол бірден 

қыза бастайды?

Қосу түймесі құралды ток көзіне қосудан бұрын басылған. 

Құралды розеткаға қоспай тұрып, қосу түймесін басса, құрал ток 

көзіне қосылған бойда жұмыс істей бастайды.

ҚазаҚша

42


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru