PHILIPS Avent SCF286/03 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 39


Инструкция PHILIPS Avent SCF286/03 для устройства стерилизатор содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.38 MB. Состоит из 100 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

 

-

Тек ешқандай қоспасы жоқ суды қолданыңыз.

 

-

Ағартқыш немесе басқа химиялық заттарды құралға құймаңыз.

 

-

Стерилизаторда тек нәресте бөтелкелерін және стерилдеу үшін жарамды басқа заттарды 

стерилдеңіз. Стерилизатор үшін жарамды екенін тексеру үшін, стерилденетін заттардың 

пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. 

 

-

Жұмыс барысында тоқтату үшін, құралды ток көзінен ажыратыңыз (SCF285/SCF284) немесе 

қосу түймесін басыңыз (SCF287/SCF286). 

 

-

Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

Ескерту.

 

-

Philips арнайы ұсынған болмаса, Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы 

құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі 

өз күшін жояды.

 

-

Құралды қатты ыстық жерге немесе тікелей күн сәулесінің астына қоймаңыз.

 

-

Орнынан қозғалту немесе жинап қою үшін, құралды алдымен суытып алыңыз.

 

-

Себеттің түбіндегі тесіктерден өтіп кететін өте ұсақ заттарды стерилдемеңіз.

 

-

Құрал қосылып тұрғанда, қыздыру элементінің үстіне ешнәрсе қоймаңыз.

 

-

Құласа немесе зақымдалса, құралды пайдаланбаңыз. Philips рұқсат берген қызмет 

орталығына апарып, жөндетіңіз.

 

-

Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке қойып пайдаланыңыз. 

 

-

Құралды ыстық бетке қоюға болмайды.

 

-

Қуат сымы үстелдің немесе құрылғы қойылған беттің шетінен салбырап тұрмау керек.

 

-

Құралды пайдаланып болып, ол суығаннан кейін, ішінде қалған суды төгіп тастаңыз. 

 

-

Қолданып болған соң құралды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.

 

-

Температура және биіктік сияқты қоршаған орта жағдайлары құралдың жұмысына әсер 

етуі мүмкін.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес 

келеді. Бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс 

қолданылса, құрал пайдалану үшін қауіпсіз деп есептеледі.

алғашқы рет пайдаланғанда

Құралды алғаш рет пайдаланғанда, бір рет бос себеттерді стерилдеп алу ұсынысы беріледі.

Ескертпе Қыздыруға шамамен 4 минут, ал стерилдеуге 6 минуттай қажет. 

 1 

 Мысалы, нәресте бөтелкесін стерилдеу үшін, негіздің су құйылатын ыдысына краннан 

100 мл су құйыңыз (Cурет 2).

 2 

 Негізге үлкен себетті салыңыз (Cурет 3).

 3 

 Үлкен себеттің ішіне кішкене себетті салыңыз (Cурет 4).

 4 

 Қақпақпен кішкене себеттің аузын жабыңыз (Cурет 5).

 5 

 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

 6 

 Құралды қосу үшін, қосу түймесін басыңыз.  (Cурет 6)

Ескертпе Қосу түймесін басып, стерилизаторды содан кейін ток көзіне қосса, ол бірден 

қыза бастайды.

SCF287/SCF286

 

,

Құралдың іске қосылғанын көрсетіп, стерилдеу жарығы жанады. 

 

,

Стерилдеу жұмысы аяқталғанда, «дайын» жарығы жанады. 3 минуттан кейін жарық сөніп, 

стерилизаторды ашуға болатынын көрсетеді.

ҚазаҚша

39


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru