PANASONIC PT-VW350E инструкция по эксплуатации онлайн - страница 9


Инструкция PANASONIC PT-VW350E для устройства проектор содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 14.30 MB. Состоит из 124 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

ЕСКЕРТУ:

Ауа кіретін/шығатын порттарды жаппаңыз.

Солай жасау проектордың қызып кетуіне әкеліп, нәтижесінде өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін.

 

z

Проекторды тар, нашар желдетілген жерге орнатпаңыз.

 

z

Проекторды шүберекке немесе қағазға қоймаңыз, бұл материалдар ауа кіретін портқа кіруі мүмкін.

 

z

Кез келген қабырғалар немесе нысандар мен шығыс порты арасында кем дегенде 1 m (40") бос орын 

және кез келген қабырғалар немесе нысандар мен кіріс порты арасында кем дегенде 50 cm (20") 

орын қалдырыңыз.

Қолыңызды немесе басқа заттарды ауа шығатын портқа қоймаңыз.

Солай жасау күйіп қалуға немесе қолыңызды не басқа затты зақымдауы мүмкін.

 

z

Ауа шығатын порттан ыстық ауа шығады. Ыстыққа төзе алмайтын қолыңызды, бетіңізды немесе 

басқа заттарды осы портқа жақындатпаңыз.

Проектор пайдаланылу барысында проекция терезесінен шыққан жарыққа қарамаңыз және 

теріңізді тигізбеңіз.

Солай жасау күйіп қалуға немесе соқырлыққа себеп болуы мүмкін.

 

z

Проектордың проекция терезесінен күшті жарық шығады. Бұл жарыққа қарамаңыз немесе 

қолдарыңызды қоймаңыз.

 

z

Әсіресе, кішкентай балалардың проекция терезесіне қарауына жол бермеңіз. Оған қоса, проектордан 

алыс болған кезде, қуатты өшіріп, қуат ашасын ажыратып тастаңыз.

Проекторды қайта құруға немесе бөлшектеуге әрекеттенбеңіз.

Жоғары кернеу өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

 

z

Қандай да бір тексеру, реттеу және жөндеу жұмыстары үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына 

хабарласыңыз.

Проектордың ішіне темір заттардың, тез тұтанатын заттардың немесе сұйықтықтардың кіруіне 

жол бермеңіз. Проектордың дымқыл болуына жол бермеңіз.

Солай жасау қысқа тұйықтауға, қызып кетуге, нәтижесінде өртке, электр тогының соғуына немесе

проектордың жұмыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.

 

z

Ішінде сұйықтығы немесе темір заттар бар ыдыстарды проектордың жанына қоймаңыз.

 

z

Егер проекторге сұйық зат кіріп кетсе, сатушыға хабарласыңыз.

 

z

Балаларға тиісті назар аудару керек.

Panasonic компаниясы ұсынған төбеге орнату кронштейнін пайдаланыңыз.

Басқа төбеге орнату кронштейнін пайдалану проектордың құлауына себеп болуы мүмкін.

 

z

Проектор құлап кетпеуі үшін төбеге орнату кронштейніне берілген қауіпсіздік кабелін тағыңыз.

 

„

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР

Батареяларды бұрыс пайдаланбаңыз, төмендегіні қараңыз.

Бұл сақтық шараны орындамау, батареяның ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртке себеп болуы 

мүмкін.

 

z

Нақты көрсетілмеген батареяларды пайдаланбаңыз.

 

z

Зарядталмалы батареяларды пайдаланбаңыз.

 

z

Аккумуляторлар пайдаланбаңыз.

 

z

Құрғақ электр батареяларын бөлшектемеңіз.

 

z

 Батареялардың + және – терминалдарын алқа немесе шаш түйреуіштер сияқты темір заттарға 

тигізбеңіз.

 

z

Батареяларды металл заттармен бірге сақтамаңыз немесе тасымаңыз.

 

z

Батареяларды пластикалық қапта сақтаңыз және оларды темір заттардан алыс ұстаңыз.

 

z

Батареялар (+ және –) кереғарлығы дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.

 

z

Жаңа және ескі батареяларды бірге пайдаланбаңыз немесе әртүрлі батареяларды пайдаланбаңыз.

 

z

Қабығы ашылған немесе жойылған батареяларды пайдаланбаңыз.

Батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.

Байқаусызда жұтып қойса, денсаулыққа зиян келеді. 

 

z

Егер жұтып қойылса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Егер батарея сұйықтығы ақса, оны жалаң қолыңызбен ұстамаңыз, қажет болса, келесі шараларды 

қолданыңыз.

 

z

Теріге немесе киімге тиген батарея сұйықтығы терінің қабынуына немесе жарақатқа себеп болады. 

Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз.

 

z

Батарея сұйықтығы көзіңізге тисе, көрмей қалуыңыз мүмкін. 

Бұл жағдайда, көзіңізді уқаламаңыз. Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз.

PУССКИЙ - 9

Важные замечания!


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru