HOTPOINT-ARISTON CX65S72 (A) IT/HA H инструкция по эксплуатации онлайн - страница 81


Инструкция HOTPOINT-ARISTON CX65S72 (A) IT/HA H для устройства газовая плита содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 3.29 MB. Состоит из 84 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

81

KZ

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын 

құрылғыны токтан ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

!

 Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе 

шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

•   Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы 

бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы 

суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен 

тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы 

өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны 

жақсылап шайып, құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды 

немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.

•  Тазалауды жеңілдету үшін плита торларын, оттық 

қақпақтарын, жалынды тарату сақиналарын 

және оттықтарды алып тастауға болады; оларды 

абразивті емес жуғыш зат қосылған ыстық суда 

жуып, жақсылап кептірмес бұрын күйіп қалған 

қалдықтардың барлығы кеткенін тексеріңіз.

•  Жалынның өшіп қалуына қарсы 

сақтандырғыштардың* шеткі бөліктерін жиі 

тазалап тұру керек.

•   Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы 

кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен 

тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып, 

жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш 

заттарды пайдаланбаңыз.

•    Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш 

емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ 

шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш 

затты немесе өткір темір қырғыштарды 

пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап, 

оның сынуына әкелуі мүмкін.

•   Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты 

жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш 

машинаға жууға болады. 

•   Оттықтар жанып тұрғанда немесе әлі ыстық 

болған кезде қақпақты жаппаңыз.

Пеш тығыздағыштарын тексеру

Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп 

тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, 

жақын жердегі Өкілетті сатудан кейін қызмет 

көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар 

ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды 

ұсынамыз.

Пеш шамын ауыстыру

1. Пешті токтан ажыратқаннан 

кейін шам ұясын жауып тұрған 

шыны қақпақты шешіп алыңыз 

(

суретті қараңыз

).

2. Шамды алып, оны сондай 

басқа шаммен ауыстырыңыз: 

кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт, 

цоколі E 14.

3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан 

қосыңыз.

Газ шүмегіне техникалық қызмет 

көрсету

Уақыт өте вентильдер қатып қалуы немесе 

бұрылмай қою мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, 

вентильді ауыстыру керек.

!

 Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті 

маман орындауы тиіс.

Күтім және техникалық 

қызмет көрсету

Тек белгілі модельдерде болады.

Көмек

!

 Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан 

қабылдамаңыз.

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

•  Туындаған проблема түрі.

•  Құрылғының моделі (Мод.).

•  Сериялық нөмірі (С/н).

Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының 

деректер тақтасынан көре аласыз.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru