Температура
Кір жуу температурасын реттеу ТЕМПЕРАТУРА реттегіш көмегімен
жүргізіледі («Программалар кестесін» қара.).
Температура мәні суық суда жууға дейін төмендетілуі мүмкін ( ).
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды мәннен артық
мәнді автоматты түрде жібермейді.
Сығу
Таңдалып алынған программаның сығу жылдамдығын таңдау СЫҒУ
жылдамдығын реттегіштің көмегімен жүргізіледі. Әр түрлі программалар
үшін сығудың әр түрлі максималды жылдамдығы қарастырылған.
Сығу жылдамдығы төмендетілуі мүмкін немесе реттегішті
қалпына
бұрағанда мүлде тоқтатылуы мүмкін.
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды жылдамдықтан
артық жылдамдыққа автоматты түрде жібермейді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және қуат жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жабыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның
ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып
кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасын тазалау
Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл әрекетті жиі қайталап тұру
керек.
Есікке және барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. қақпақ панелін алдымен ортасынан басу және одан кейін шығарып
алынатындай оны екі жағынан ұстап, төмен қарай тарту арқылы
панельді шешіп алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына
түскеніне көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол
шытынаған немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері
орындалған кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде
жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
ЖҮКТІ ТЕҢЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс
дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан
жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс
теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін
жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы
жағына бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп,
кептіргішті салу және шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш
зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю
түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз.
Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде
зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта
орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған тасымалдау
болттарын шешіп алу процедурасын керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым
келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге
бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы)
тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға
механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.