HOTPOINT-ARISTON Experience OS 997D P IX инструкция по эксплуатации онлайн - страница 74


Инструкция HOTPOINT-ARISTON Experience OS 997D P IX для устройства духовой шкаф содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 3.30 MB. Состоит из 80 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

74

KZ

Пісіру бойынша пайдалы кеңес

КӨПДЕҢГЕЙ функциясы

•  1, 3, 5 және 6-позицияларды пайдаланыңыз.

•  Табаны астына, ал тартпаны үстіне қойыңыз.

БАРБЕКЮ

•  Пешті 5 минут қыздырып алыңыз.

•  Осы режимде пісірген кезде пештің есігін жауып 

қойыңыз.

•  Табаны 3-деңгейдегі сөреге қойыңыз. Тартпаны 

тамақтың үлкендігіне қарай 4 пен 7 аралығындағы 

позицияға қойып, тамақтың тартпаның ортасында 

болуын тексеріңіз. Мысалдар: сиыр қабырғалары 

4-деңгейдегі сөреде, ал бекон 6 немесе 

7-деңгейдегі сөреде пісірілуі тиіс.

ПИЦЦА немесе ФОКАЧЧА

•  Диаметрінің үлкендігі 30 см болатын жеңіл 

алюминий науаны пеш жинағына кіретін тартпаға 

қойыңыз.

•  Егер пиццаны көп азық-түлікпен дайындап 

жатсаңыз, пісіру үрдісінің ортасында пиццаның 

үстіне моцарелла ірімшігін қосуға кеңес беріледі.

ГРИЛЬ

•  Пешті 5 минут қыздырып алыңыз.

•  БӨЛГІШТІ «Б» БӨЛГІШ тартпасына бекітіңіз.

•  Осы режимде пісірген кезде пештің есігін жауып 

қойыңыз.

•  Тартпаны 7-позицияға орналастырыңыз. 

Тағамды тартпаның ортасына салыңыз. Табаны 

6-деңгейдегі сөреге орналастырыңыз.

•  Бұл функция тағамды қуыруға, гратиндерді 

пісіруге, сэндвич жасауға және кепкен етті отқа 

қақтауға ыңғайлы болып табылады.

•  Қуаттың деңгейін ең жоғарғыға орнатуға кеңес 

береміз. Жоғарғы қыздыру элементі термостат 

арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс 

істемейді.

ЖЫЛДАМ ПІСІРУ

•  Пешті қыздырып алыңыз және табаның 

6-деңгейдегі сөреде екенін тексеріңіз.

•  Мұздатылған тағамдарды пісірген кезде әрқашан 

орамадағы нұсқаулыққа сүйеніңіз.

Пісіру үрдісін орнату

!

 Бағдарламалаудан бұрын пісіру функциясы таңдап 

алынуы керек.

Бағдарламалау пештің барлық 

конфигурацияларында жасалады: EXTRALARGE, 

MAIN және SMALL SPACE камераларында, 

соңғы екеуі бір уақытта пайдаланылып жатса да 

жасалады.

Пісіру ұзақтығын орнату

1.   түймесін ДИСПЛЕЙ бетінде гі   белгішесі 

мен үш сан жыпылықтай бастағанша бірнеше рет 

басыңыз.

2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+» 

және «-» бағытына қарай бұраңыз.

3. Растау үшін   түймесін қайта басыңыз.

4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде 

«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш 

пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.

•  Мысалы: сағат 9:00 болғанда ас пісіру ұзақтығы 

1 сағат 15 минутқа орнатылады. Функция сағат 

10:15 болғанда автоматты түрде тоқтайды.

Пісіру режимінің аяқталу уақытын орнату

!

 Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру 

ұзақтығын орнату керек.

1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін 

1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.

2. Содан кейін,   түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі 

 белгішесі мен үш сан жыпылықтай бастағанша 

басыңыз.

3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР 

ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай бұраңыз.

4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай 

бастағанша   түймесін қайта басыңыз.

5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР 

ТҰТҚАСЫН  «+» және «-» белгілеріне қарай 

бұраңыз.

6. Растау үшін   түймесін қайта басыңыз.

7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде 

«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш 

пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.

 және   белгішелері жыпылықтағанда 

бағдарлама орнатылады. ДИСПЛЕЙ пісірудің 

аяқталу уақыты мен пісіру ұзақтығын алма-кезек 

көрсетіп тұрады.

Бағдарламадан бас тарту үшін ФУНКЦИЯ тұтқасын 

«0» позициясына бұраңыз.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru