57
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ШАМАДАН ТЫС
ӘСЕР ЕТУІНЕН АУЛАҚ БОЛУ ҮШІН
Ешбір жағдайда микротолқынды пешті есігі
ашулы күйінде пайдалануға болмайды, өйткені
бұл микротолқынды энергияның залалды әсеріне
әкеп соғуы мүмкін. Өте маңызды – сақтандырғыш
бұғаттауларды сөндірмеңіз және олармен ешқандай
әрекеттер жүргізбеңіз.
Микротолқынды пештің алдыңғы панелі мен есігінің
арасына заттар қоймаңыз және тығыздағыш
беттерде ластанулар немесе тазалағыш құралдар
қалдықтарының жиналуына жол бермеңіз.
Ақаулы
пешті
пайдалануға
болмайды.
Микротолқынды пештің есігі дұрыс жабылғаны және:
1 есігі (майысқан, жарылған)
2 ілмектері мен құлыптары (сынған, жарылған
немесе ілмектері өте бос)
3 есіктің тығыздағыштары мен тығыздағыш беттері
зақымдалмағаны өте маңызды
Микротолқынды пешті реттеуді, қарауды және
барлық жөндеу жұмыстарын тек өндіруші сервис
орталығының жоғары білікті маманы ғана орындауы
қажет. Бұл әсіресе пайдаланушыны микротолқынды
сәулеленуден қорғайтын қақпақты алу қажет болатын
жұмыстарға қатысты.
8 жасқа дейінгі балаларға аспапқа және оның
қоректендіретін кабеліне жақындауға рұқсат
бермеңіз.
Микротолқынды пешті асхана шкафына орнатуға
рұқсат берілмейді*
ЕСКЕРТУ: Пайдалану кезінде аспап және оның қол
жетімді бөліктері қыздырылады. Ыстық бөліктермен
жалғасудан аулақ болу қажет. 8 жасқа дейінгі
балаларға аспапқа жақындауға рұқсат бермеңіз, тек
ересектердің бақылауымен болады;
Аспапты бумен тазалауға болмайды
Пештің жұмыс істеуі кезінде шкафтар қыздырылуы
мүмкін;
KK
* кірістіруге арналмаған құрылғыларға қатысты