ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы жиһаз, перде
және басқа да, сол секілді өрт қауіптілігі бар өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет.
Құрылғыны тікелей қабырға мен жиһаздардың жақын маңында орналастырмаңыз, себебі оның жұмысы барысында құралдан бу шығады, бұл бу тию салдарынан жиһаз заттарының
және қабырғаның сыртқы қабатының өзгерістеріне, мысалы пішін түрінің өзгеруіне, деформациялануына, сондай-ақ, олардың бүлінуіне, сыртқы түс түрінің өзгеруіне не жоғалуына,
қара не ақ дақтардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының жұмысы барысында, оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, оның ішінен бу еркін түрде шығуы қажет.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында құрылғыны құрғақ, тегіс, термоберік қабатта орналастырыңыз, құрылғының түбіндегі ауа желдеткіш саңылаулардың бөгде
заттармен, дастарқанмен, матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құрылғының қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында, оның бөгде не жағымсыз иісін кетіру үшін әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ыдысына суды шамалы оның тостақтың жартысына дейін
құйып, температуралық («Бұда пісіру») режимін қолданып, суды 30 минут бойы қайнатып алыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағы құрылғыға орнатылмаған болса, әзірлеу бағдарламаларын іске қосуға тыйым салынады, сондай-ақ, әзірлеу бағдарлама іске қосылып,
орындалып жатқан кезде, яғни әзірлеу үдересі барысында әмбебап ас әзірлегіш құрылғыдан тостақты шығаруға болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны
тез тұтанатын бұйымдар мен жанғыш заттардың маңында, сонымен қатар, жылу шығаратын көздерінің немесе бұйымдарының
қасында, сондай-ақ,
,
құрылғының түрін немесе оның пішінің өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының қасында,
сонымен бірге жоғарғы температура салдарынан
бөлменің ішкі көрінісіндегі қандай да бір заттардың түрін не олардың пішінің оңай түрде өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының маңайында
(газды немесе электрлі
плитаның қасында) пайдаланбаңыз.
Жұмыс барысында әмбебап ас әзірлегіш құрылғының сыртқы корпусы қатты қызады, күйіп қалмас үшін жұмыс істеп тұрған әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны қолмен ұстамаңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, құрылғы суығанша күте тұрыңыз, кері жағдайда терінің күйіп қалу қаупі бар.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны желіге қоспас бұрын электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін, яғни электр желідегі кернеуді тексеріңіз, бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Егер Сіз тағамды әзірлемейтін болсаңыз, әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны сөндіріп, оның электр желілік баусымын электр желіден ажыратыңыз, оны электр желіге қосылу күйінде
қалдырмаңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны электрлік қоректену желіден ажыратар алдында, қашанда құрылғы күту режимінде тұрғанына, сондай-ақ, оның ешбір әзірлеу бағдарламасы іске
қосылып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы электрлік қоректену желіге қосылып тұрған кезде, ешқашан құрылғыны көтеруге/жылжытуға, сондай-ақ, оның орнын ауыстыруға тыйым салынады.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының қақпағында орналасқан тұтқасын қолданып, құрылғыны көтеріп, тасымалдауға болмайды, бұл тұтқасы құрылғыны тасымалдау үшін арналмаған.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының қақпағындағы тұтқасын қолданып, құрылғыны көтеріп, тасымалдау бұл қақпақ жағында орналасқан бекіткіш құлпының бұзылуына не
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Құрылғының ішкі тостағы тағамдық өнімдерімен толтырылған болса, әмбебап ас әзірлегіш құрылғының орнын алмастыруға немесе оны көтеріп, тасымалдауға болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы іске қосылып жұмыс істеп тұрған кезде, яғни жұмыс үдересі барысында оның ішкі тостағын (кастрөлді) қолмен ұстамаңыз.
Тостақтың ішкі қабатын соқпаңыз және күш салып тостақты жумаңыз және тазарту барысында әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның бөлшектері мен керек-жарақтарын
тазартқан кезде абразивті заттары бар тазартқыш құрылғыларды және агрессивті заттары бар жуғыш құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Тостақтағы өнімдерді араластыру немесе оларды шығару мақсатында металл асүй саймандарын пайдаланбаңыз, бұл металлдан жасалған асүй саймандар құрылғының күйіп қалудан
сақтайтын жабының ( оның күюге қарсы жабының) зақымдауы мүмкін. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының тостағында тағамды араластыру үшін тек ағаш қалақты, пластмассадан
жасалған қасықты немесе силикон бұйымдарды қолданыңыз.
Әзірлеу үдерісі жүріп жатқан кезде тостақтың ішінде ас үй саймандарды қалдыруға болмайды.
Егер әмбебап ас әзірлегіш құрылғыда оның тығыздауыш дөңгелегі (сақинасы) орнатылмаған болса немесе оның тығыздауыш дөңгелегі (сақинасы) бүлінген немесе зақымдалған
жағдайда, әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалануға мүлдем болмайды. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының тығыздауыш дөңгелегін (сақинасын) ауыстыру үшін
авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағында тамақты, тағамдық өнімдерді немесе суды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағын тағамдық өнімдермен аса толтыруға болмайды, әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағын максималды толтыру белгісінен
асыра өнімдермен толтырмаңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағына сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бетіндегі жабынының бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.