PHILIPS SCD470 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 44


Инструкция PHILIPS SCD470 для устройства радионяня содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 1.50 MB. Состоит из 104 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

 2 

 Қайта зарядталмайтын батареялардың төртеуін салыңыз (Cурет 3).

Ескертпе: - және + жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.

 3 

 Қақпағын жауып, бұранданы тартып тастаңыз.

ата-аналар бөлігі

Ата-аналар бөлігін ток көзіне қосып немесе қайта зарядталмайтын батареялармен пайдалануға 

болады. Құрылғыны ток көзіне қосып пайдаланатын болғанның өзінде, оған қайта 

зарядталмайтын батареяларды салып қоюға кеңес береміз. Бұл ток келмей қалған жағдайда 

автоматты түрде қуат көзі қызметін атқарады.

Ток көзінен жұмыс жасау

 1 

 Құрал ашасын ата-аналар бөлігіне, ал адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

Қосылды деген жарық жанады.

Қайта зарядталмайтын батареялармен жұмыс жасау

Ата-аналар бөлігі төрт 1,5-вольтті R6 AA батареяларымен (жинақта берілмейді) жұмыс істейді. 

Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареяларын қолдануға кеңес береміз.

Қайта зарядталатын батареяларды қолданбаңыз, себебі ата-аналар бөлігінде қайта зарядтау 

функциясы жоқ.

Ата-аналар бөлігін ток көзінен ажыратып, қайта зарядталмайтын батареяларды салар 

алдында қолыңыз бен құрылғының құрғақ екендігін тексеріңіз.

 1 

 Батарея бөлімі қақпағының ысырмасын басып, қақпақты ашыңыз (Cурет 4).

 2 

 Қайта зарядталмайтын батареялардың төртеуін салыңыз.

Ескертпе: - және + жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.

 3 

 Батареялар бөлімінің қақпағын орнына салыңыз (Cурет 5).

Ескертпе: Егер батареялар толығымен таусылса, ата-аналар бөлігі автоматты түрде сөніп, 

нәресте бөлігімен байланысын жоғалтады.

Құрылғыны қолдану

 1 

 Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуінің де қосу/өшіру түймесін ‘on’ күйіне 

орнатыңыз (Cурет 6).

 2 

 Ата аналар бөлігін қосу үшін дауыс түймесін бұраңыз және өзіңіз қалайтын дауыс 

деңгейін орнатыңыз.  (Cурет 7)

 3 

 Нәресте бөлігін өзіңіздің нәрестеңізден ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта 

қойыңыз.

 4 

 Ата аналар бөлігін нәресте бөлігінің байланыс аймағына қойыңыз. Оның нәресте 

бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта екендігін тексеріңіз. Жұмыс 

жасайтын аймақ жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін «Жұмыс жасау аймағы» бөлімін 

қараңыз.

 5 

 Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де бір арнаға орнатыңыз.

Байланыс орнатылу үшін шамамен 10-30 секунд уақыт керек болады. 

 

,

А арнасының хабарлау жиілігі 40,695 MГц.

 

,

В арнасының хабарлау жиілігі 40,675 MГц.

 6 

 Енді нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуі де байланыста. 

ҚазаҚша

44


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru