«HAIER» мұздату сандығы
5
KZ
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланар алдында
●
Осы аспап тек тұрмыста қолдану үшін әзірленген (тек азық-түлікті сақтауға
арналған).
Егер орамын ашқан соң аспапта зақымданған жерлері табылса, саудалық өкілге
жолығыңыз.
Электрмен жабдықтау желісінің параметрлері техникалық деректері бар кестешеде
көрсетілген номиналды мәндерге сәйкес келуі тиіс.
●
●
Орнату
●
Орамын толық алыңыз. Орната бастаудың алдында барлық орау материалдары
алынып, балалар қол жеткізе алмайтын жерде тиісті түрде пайдаға асырылғанына
көз жеткізіңіз.
Аспапты тікелей күн сәулелері немесе жылу көздерінен алыс құрғақ, жақсы
желдетілген бөлмеде орнату керек.
Желдету мен жылу таралуын қамтамасыз ету үшін аспап пен оны қоршаған
заттардың арасында шамамен 10 см саңылау қалдырыңыз.
Электрмен жабдықтау желісінің параметрлері техникалық деректері бар кестешеде
көрсетілген номиналды мәндер мен жергілікті заңнамаға сәйкес келуі керек.
Аспапты орнатқан соң желіге қосар алдында кем дегенде 2 минут күтуге кеңес
беріледі. Бұл хладагент айналымын тұрақты күйге келтіруге мүмкіндік береді.
●
●
●
●
Температураны теңшеу
Температура мәнін реттеу үшін басыңыз (2).
Функцияларды теңшеу (бар болғанда)
ECO режимін белсендендіру үшін (5) жанғанша (1) басып ұстап тұрыңыз. Супер мұздату
функциясын белсендендіру үшін (6) жанғанша (1) басып ұстап тұрыңыз.
Супер мұздату функциясы электр энергиясын үнемдеу мақсатында 56 сағаттан соң
автоматты түрде өшеді. Бұл функция қосылып тұрғанда, энергия тұтыну артады.
Басқару панелін құрсаулау немесе құрсаудан шығару үшін, 3 секунд бойы (3) басып ұстап
тұрыңыз.
Мұздату жәшігін қосу немесе өшіру үшін 5 секунд бойы (4) басып ұстап тұрыңыз.