CENTEK CT-65Q12 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 43


Инструкция CENTEK CT-65Q12 для устройства кондиционер содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 932.03 kB. Состоит из 50 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

42

Блокаралық электр кабелін және электрлік қуат беру кабелін қосу

Сыртқы  және  ішкі  блоктардың  сервистік  панельдерінің  қорғаныш 
қақпақтарын  шешіп  алыңыз  Клемма  қалыптамаларының  винттерін 
босатып, тиісті түрде блокаралық электр кабелін және электрлік қуат 
беру  кабелін  жалғаңыз  (ішкі  блоктардың  кейбір  модельдері  электр 
ашасымен бірге және ішкі блокқа қосулы тұрған электрлік қуат беру 
кабелімен бірге жеткізілуі мүмкін).
Жерге қосушы сымды сервистік панельдерде бөлек орналасқан бұран-
далы  тесіктерге  винттермен  қосыңыз.  Сымдардың  дұрыс  қосылуын 
қадағалаңыз.  Клемма  қалыптамаларының  винттері  босаңсып  кетпес 
үшін,  оларды  тығыздап  бұраңыз.  Оларды  тартып  қарап,  бекітілген 
сымдардың қозғалмайтындығына көз жеткізіңіз. Блокаралық электр-
лік  кабельді  сым  қыстырғыштармен  бекітіп  қойыңыз.  Сыртқы  және 
ішкі блоктардың сервистік панельдерінің қорғаныш қақпақтарын ор-
нына қойыңыз.

Құбырлардың сыртын оқшаулау және таспамен орау

Салқындатқыш  агент  тұрбалары  жылу  оқшаулағыш  ішіне  салынуы 
тиіс.  Сыртқы  блоктың  клапандарын  қоса  алғанда,  салқындатқыш 
агенттің жалғанған жерлері жылу оқшаулағышпен қапталуы тиіс. Ғи-
марат ішіне орналастырылатын кәріздеу тұрбасы жылу оқшаулағыш 
ішіне салынуы тиіс. Таспаны пайдаланып, салқындатқыш агент тұр-
баларын, кәріздеу тұрбасын (шланг) және блокаралық электр кабелін 
тығыздап орау қажет. Кәріздеу тұрбасы (шланг) байламның түбінде 
орналасуы тиіс.

Тексеру және вакуумдау рәсімдері

Салқындатқыш  агент  құбырларының  және  электр  кабель-

дерінің  дұрыс  қосылғанына  көз  жеткізіңіз.  Сыртқы  блок 

салқындатқыш  агентінің  газ  және  сұйықтық  құбырларының 

клапандарынан бітегіштерді шешіп алыңыз.

Сыртқы блок салқындатқыш агентінің газ және сұйықтық құ-

бырларының клапандары жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Ма-

нометрлік  коллектор  мен  азотты  баллонды  сыртқы  блоктың 

салқындатқыш агентінің газ құбырының сервистік портына қо-

сыңыз. Баллонды бәсеңдеткіш редуктор арқылы қосу қажет. 

Құрамында көп мөлшерде ылғал болуы себепті сығылған ау-

аны пайдалануға рұқсат етілмейді. Жүйені 4,15 МПа қысымға 

дейінгі азотпен толтырыңыз. Жүйеге сұйық азот еніп кетпес 

үшін, баллонның клапанын жоғары қаратып орналастырыңыз.

Құбырлардың  барлық  бітелген  қосылыстарында,  мысалы, 

сабын ерітіндісінің көмегімен, ештеңенің ағып тұрмауын тек-

серіңіз. Төгілім анықталған жағдайда, оны тез арада бітеу қа-

жет.

10-15 минут өткеннен соң, жүйедегі қысымды тексеріңіз. Қы-

сым түсіп кеткен жағдайда, себебін анықтаңыз. Манометрлік 

коллектордың  азотты  баллонын  айырып  тастаңыз.  Жүйедегі 

азотты  сорып  алыңыз.  Манометрлік  коллекторға  вакуумдық 

сорғыны  жалғаңыз.  Вакуумдық  сорғыны  қосыңыз.  Жүйеде 

0,101 МПа -сұйылғанға дейінгі вакуумды құру қажет. 5-10 ми-

нут өткеннен соң, жүйедегі сұйылуды тексеріңіз. Қысым түсіп 

кеткен жағдайда, себебін анықтаңыз. Вакуумдық сорғыны ма-

нометрлік коллектордан ажыратыңыз. Манометрлік коллектор 

мен вакуумдық сорғыны дұрыс пайдаланыңыз. Бұл үшін олар-

ды пайдаланар алдында әр құрал-сайманға арналған пайда-

лану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru