POLARIS PMC 0567AD инструкция по эксплуатации онлайн - страница 36


Инструкция POLARIS PMC 0567AD для устройства мультиварка содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 993.14 kB. Состоит из 59 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

 

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы 

POLARIS 

Үлгісі PMC 0567AD Golden rush  

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық  

 

POLARIS  сауда  таңбасымен  шығарылатын  өнімді  таңдағаныңыз  үшін    алғысымызды  білдіреміз.    Біздің  бұйымдар    сапа,    функционалдық  және  дизайнға 
қойылатын жоғары талаптарға сәйкес  жасалған.  Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға  риза болатыныңызға сенімдіміз.  
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Құрылғыны пайдаланбас бұрын  осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты  міндетті түрде толықтай,  мұқият оқып шығыңыз, осы 
нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты  маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны 
дұрыс пайдалану және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер  берілген
.  
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты  кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон  қорапта және орама  материалымен бірге сақтаңыз.

 

 

 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ  

Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық,  үлгісі  PMC 0567AD Golden rush POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын, тағамдық өнімдерді пісіріп немесе қуырып  әзірлеу үшін 
арнайы  арналған  тұрмыстық  электрлі  әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғы  (бұдан  әрі  мәтін  бойынша  –әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғы,  құрылғы),  жөніндегі  техникалық 
деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған. 
 

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ  
 

 

Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, тұрғын 
ғимаратында, қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада, тек тұрмыста және соған ұқсас жағдайларда ғана пайдалануға арналған: 

 

дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында; 

 

тұрақты  тұруға  арналған  тұрғылықты  мекенжайларда,  сонымен  қатар  тұруға  арналған  қонақ  үйлерде,  сондай-ақ,  тұтынушылардың  уақытша  тоқтайтын, 
тамақтанатын және бос уақыттарын өткізетін қонақжай мен мейманхана  сияқты және басқа да тұруға арналған жанұялық демалыс орындарында; 

 

түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған. 

 

Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ,  бұл құрылғы 
тамақ емес өнімдерді  өңдеуге арналмаған. 

 

Өндіруші осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған  залал үшін жауапты емес. 

 

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 

Үлгісі  PMC  0567AD  Golden  rush  Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы  - бұл қазіргі заманға лайық, көп функционалды, тамақ әзірлеуге арналған жаңа буынды құрал. Плита 
пештің, духовкалық шкаф құрылғының, буда пісіргіш құрылғының және йогурт пісіруге арналған құрылғының функцияларын  өзіне біріктіретін әмбебап ас әзірлегіш 
құрылғы Сіздің ас үйіңіздегі орынды үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар, әмбебап ас әзірлегіш құрылғының көмегімен Сіз өзіңіздің сүйікті тағамдарыңызды оңай 
әрі лезде түрде әзірлей аласыз. 
«Менің рецептім  Plus» бағдарламасы бойынша әзірлеу функциясы арнайы өнерпаз, шығармашыл адамдарға арналған. Өздігінен температуралық көрсеткішті орнатып, 
әзірлеу уақытын белгілеу мүмкіндігінің арқасында бұл функция өте жеңіл тағамнан күрделі аспаздық шешімдерді талап ететін түрлі тағамдарды әзірлеу үшін шексіз 
мүмкіндіктерді сыйлайды. 


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru