HAIER HMX-BDG259X инструкция по эксплуатации онлайн - страница 36


Инструкция HAIER HMX-BDG259X для устройства встраиваемая микроволноваяпечь содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 2.53 MB. Состоит из 38 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ

Құрметті сатып алушы!

Келесі мекенжайда орналасқан «Хайер» корпорациясы: S401 кеңсе, Хайер бренд билдинг, Хайер Индастри парк Хай-тек зон, Лаошан 

Дистрикт, Циндао, Қытай, сіздің таңдауыңыз үшін сізге алғыс білдіреді, осы бұйымның жоғары сапасы мен мүлтіксіз қызмет етуіне оның 

пайдалану ережелерін сақтағанда кепілдік береді. Т

Тұрмыста пайдалануға арналған МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШ қызмет етулерінің ресми 

мерзімі — бұйым соңғы тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 5 жыл

. Өнімнің жоғары сапасын есепке алғанда пайдаланудың нақты 

мерзімі ресмиден айтарлықтай артып кетуі мүмкін. Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу 

жəне ұсыныстар алу үшін Хайер Авторландырылған серіктестігіне жүгінуді ұсынамыз. Бүкіл өнім пайдаланудың жағдайларын есепке алумен 

жасалған жəне техникалық талаптарға сəйкестікке тиісті сертификаттаудан өткен. Жаңсақтықтарға жол бермеу үшін сізден сатып алғанда 

пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен, кепілдікті міндеттемелермен мұқият танысып алуды жəне кепілдік талонның дұрыс толтырылуын 

тексеруді сұраймыз. Кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған жағдайда сатушы ұйымға жүгініңіз. Бұл бұйым тұрмыстық 

мақсаттың техникалық күрделі тауары болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды немесе қосылуды талап ететін болса, 

сізге Хайер Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қадалай ұсынамыз. Осы кепілдік талонмен «Хайер» Корпорациясы бұйымның 

кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен 

бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, «Хайер» Корпорациясы 

төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары

Кепілдікті қызмет көрсету тек қана белгіленген үлгідегі кепілдік талонымен жиынтықталған бұйымдарға қатысты болады. «Хайер» 

Корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал жаңсақтықтарға жол бермеу үшін 

қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарық чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, 

кепілдік талоны) сақтап қойыңыз. Кепілдікті қызмет көрсетуді тек қана Хайер Авторландырылған серіктестері жүргізеді.

Авторландырылған серіктестердің ЕАЭО өңіріндегі толық тізімін сіз келесі телефондар арқылы «Хайер» Ақапараттық орталығында біле 

аласыз:

8-800-200-17-06 - Ресей Тұтынушыларына арналған (Ресей өңірлерінен тегін қоңырау шалу)

8-10-800-2000-17-06 - Беларусь Тұтынушыларына арналған (Беларусь өңірлерінен тегін қоңырау шалу) 

8-800-501-157 - Украина Тұтынушыларына арналған (Украина өңірлерінен тегін қоңырау шалу)

00-800-2000-17-06 - Өзбекстан Тұтынушыларына арналған (Өзбекстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)

немесе сайтта: www.haier.com немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: service@haierrussia.ru. 

Авторландырылған серіктестердің деректері өзгеріп кетуі мүмкін, анықтамалар үшін «Хайер» Ақпараттық орталығына жүгініңіз.

Кепілдік міндеттемлер ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға қатысты болмайды:

— 

тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;

 

бұйымды қате орнату, баптау жəне/немесе іске қосу;

 

тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын жəне электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен 

расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту.

 

пайдалану бойынша нұсқаулық талап еткен жағдайда Бұйымға уақтылы техникалық қызмет көрсетілмегенде.

 

су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;

 

бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған мөлшерлемесінен 

асып кеткенде;

 

бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;

 

үшінші тұлғалардың əрекеттерінен: уəкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе сызбалы 

техникалық өзгерістерді енгізуі;

 

Мемлекеттік Техникалық Стандарттардан (МЕМСТ-ден) жəне қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;

 

еңсерілмейтін күш əрекеттерінен (апат, өрт, найзағай жəне т. б.);

 

жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз əрекеттерінен

 

бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жəндіктердің, жəндіктердің тіршілік əрекеттерінің өнімдерінің түсуінен 

пайда болған бұзылулар анықталса;

— 

су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың іске қосылуы

Кепілдікті қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:

 

бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;

 

тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау жəне кеңес беруге;

 

бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.

Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:

—кондиционерлерге арналған сүзгілер; 

— кір жəне ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;

— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;

— микротолқынды пештерге арналған тəрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар жəне қойғыштар;

—сүзгілер, иісті жұтқыштар, шамдар, сөрелер, жəшіктер, қойғыштар жəне тоңазытқышта азық-түлікті сақтауға арналған басқа ыдыстар;

— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері, қуат берудің сыртқы блоктары жəне зарядтау құрылғылары;

—бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.

Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру жəне т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.

Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіруге, жəне де, нəтиже ретінде, оған кеплідікті қызмет 

көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сəйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық 

тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне айналуы мүмкін.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru