34
2. R4S Gateway қосымшасын үйде гейтвей ретінде қалдыра
алатын смартфонға немесе планшетке жүктеп алыңыз және
орнатыңыз. Онда Android операциялық жүйесі орнатылған
болуы тиіс, операциялық жүйеге қойылатын минималды
талаптар компанияның www.redmond.company ресми сай-
тында немесе Google Play қосымшаның сипаттамасында
көрсетілген. Құралыңыз Интернет желісіне (GSM, Wi-Fi және
т.б.), Bluetoothке қосылу екендігіне көз жеткізіңіз.
3. R4S Gateway қосымшасына негізгі басқарушы қосымшамен
(Ready for Sky) жұмыс кезінде пайдаланатын аккаунт
арқылы кіріңіз.
4. R4S Gateway қосымшасында экран бойымен саусағыңызбен
жоғарыдан төменге жүріңіз (свайп): SkyBaker RMB-M657/1S
қол жетімді аспаптардың тізімінде пайда болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Тұрақты қосылысты қамтамасыз ету үшін R4S Gateway
қосымшасы бар сіздің үй смартфоныңыз немесе планшетіңіз
пайдаланатын тұрмыстық аспаптан 15 метр қашықтықтан
алыс болмауы тиіс.
Ready for Sky және R4S Gateway қосымшаларын бір ұялы
құрылғысына орнатпаңыз. Бұл қосымша жұмысының үзілуіне
алып келуі мүмкін.
R4S Gateway қосымшасы тек қана Ready for Sky негізгі басқа-
рушы қосымшасымен жұмыс жасайды.
Гейтвэй-құрылғысына бірнеше ұялы құрылғылар қосыла алады,
яғни сол бір аспапты бірнеше пайдаланушы басқара алады.
Сонымен бірге аспап соңғы алынған команданы орындайтын
болады (бір сәтте R4S Gateway қосымшасы тек қана бір акка-
унтпен жұмыс жасай алады). Осыған байланысты негізгі қосым-
ша және R4S Gateway қосымшасы арқылы аспапты бір уақытта
басқару мүмкін емес (аспапты алыс және жақын аймақтан бір
уақытта басқаруға болмайды).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты пайдалану кезінде қолжетімді
бөліктер қатты қызуы мүмкін. Балаларды жақын жібермеңіз.
Алмалы-салмалы металл панельдердi ауыстыру
1. Құрал қақпағын ашыңыз.
2. Құрал корпусындағы панель бекіткішін жылжытыңыз және
металл панельді шешіңіз. Басқа панельмен осы әрекетті
қайталаңыз.
3. Бекіткішті жылжытыңыз және таңдалып алынған панельді
панельге ондағы дөңестер корпустағы жіктермен сәйкес
келетіндей етіп орнатыңыз. Бекіткішті жіберіңіз. Басқа
панельмен осы әрекетті қайталаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алмалы-салмалы панельді орнатар
алдында міндетті түрде бекіткішті жылжытыңыз! Па-
нельді күшпен орнату бекіткіштің сынуына және панель-
дің түсуіне әкелуі мүмкін!
Егер құрал электр желісіне қосулы бұрса, металл панельдер-
дi ауыстыруды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Құралды пайдалану
Құрылғыны белгіленбеген тақтайшасыз іске қосуға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
1. Құралды электр желісіне қосыңыз Құрал күту тәртібіне кө-
шеді (индикаторлар жанып тұрған жоқ, қызу орын алған жоқ).